Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Сөйлеудің синтаксистік жағын меңгеру



Pdf көрінісі
бет89/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Сөйлеудің синтаксистік жағын меңгеру. 
Шамамен баланың өмірінің 
екінші жылының ортасына қарай сөйлеуінде екі сөздік сөйлемдер пайда 
болады. Дәл соның пайда болуы «алғашқы синтаксистік тұтастығындағы» 
сөйлем дамуының алғышқы сатысын білдіреді. Екі жасқа
қарай үш
-
төрт 
буында сөйлемдер туындайды, оларды сөйлемнің грамматикалық 
құрылымын меңгерудің алғашқы кезеңі деп қарастыруға болады. Ол 
грамматикалық санаттармен және олардың сырттай көрінісімен байланысты.
Күрделі сөйлемнің негізгі түрлері үш жасқа қарай меңгеріледі. 
Алғашында олар жалғаусыз, кейін жалғаумен біріктіріледі. Балалар сабақтас 
жалғаулықта да, бағыныңқы жалғаулықта да
қолданады. 
Өмірінің төртінші және бесінші жылы ана тілі жүйесін меңгерудегі 
кейінгі кезең болып табылады. В.И. Ядэшко айтқандай, бала өмірінің 
төртінші жылында әлі де қарапайым таралған сөйлемдер басым (57%), 
алайда олардың құрылымы сөйлем мүшелері санының өсуі есебінен 
күрделене түседі. Осы жастағы балалардың монологтық сөйлеуінде 
күрделендірілген түрдегі күрделі сөйлемдері кездеседі, олар сабақтас немесе 
бағыныңқы жалғаулықпен біріккен үш немесе одан да көп қарапайым 
сөйлемдерден құралады. Балалар тура және жанама сөйлеуді пайдаланады.
Бала өмірінің бесінші жылында өз әрекетін сөзбен куәландыру ниетінің 
және білігінің күшеюі байқалады. Шынында, бұл жағдайлардағы баланың 
сөзінің 90% қарапайым сөйлемдерден құралады. Баланың сөзінде 


58
грамматикалық рәсімделген қарапайым және күрделі сөйлемдерінің 
туындауы сөйлемнің басты және қосалқы мүшелерін айту үшін олардың 
жеткілікті үлкен сөздікті және грамматикалық нысандарды меңгеру 
жағдайында болуы мүмкін. 
Сөйлеудің морфологиялық жағын меңгеру. 
1 жас 10 айдан 2 жасқа 
дейінгі аралықта сөздердің сөйлеу бөліктері бойынша жіктелуі басталады. 
Морфологиялану үдерісі баланың заттық әлем мен ондағы
әрекетті жіктеу 
анықтығын көрсете отыра, бір уақытта зат есімдер мен етістіктерден бастау 
алады. Неғұрлым таралған етістікті нысандар: өтініш және ұсыныс («берші», 
«алшы»); өз әрекетін басқа баламен үйлестіру («отыр», «жібер», «ұстама»); 
қандай да бір қызыққа, өз әрекетінің нәтижелеріне назарын аудару («қара»)

А.Н. Гвоздеваның айтуынша, бала өмірінің үшінші жылында барлық 
шақ пен нысандағы етістіктерді қолданады. Бала үш жасқа қарай барлық 
негізгі септік нысандарын меңгереді. Баланың сөзінде зат есімдермен бірге 
жиі аталық немесе аналық текте атау септігінің нысанында болатын сын 
есімдер пайда бола бастайды, кейін үстеу, жіктеу есімдігі, сан есім, шамамен 
2 жас 3 айда 

жалғаулар мен көмекші сөздер. 
Г.М. Лямина бойынша, төрт
-
бес жастағы балалар әртүрлі етістіктерді 
қолданады және оларды дербес құрастырады («жетекте», «балаларды 
шақырайық»), әңгімелесуге байланысты бұйрық райының түрлерін 
қолданады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет