Қабілеттілік тестілері - жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуеттік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы, жалпы қабілетерді және көп жақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.
Қажеттілік - адамның дамуы мен өмір жағдайындағы белгілі бір нәрселерге мұқтаждануы; қажеттіліктердің түрлері: биологиялық, әлеуметтік, материалдық, рухани, аффилиациялық (бірігуге), жақындасуға, жетістік, таным және тағы басқа қажеттер.
Қажу - организмнің дене және ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер еткенде қалыптасатын және жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипатталатын күйі. Организмнің әрекетті қамтамасыз ететін психофизиологиялық жүйелері жұмысының үйлесімсізденуінен білінеді. Бұл қан айналысының, тыныстаудың, терморегуляцияның және тағы басқа теңдес емес өзгерулерінен, ал ой еңбегінен қажығанда зейіннің босаңсуынан, ойлау процестерінің баяулауынан, жадтың (қайта жаңғыртудың) қателесулерінен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |