Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет187/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811, ИАП-сессия, ИАП-сессия, psihol-ped pr bagd
Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

–iatria терминэлементінің –therapia терминоэлементінен айырмашылығы – «емдеу» мағынасында ғана қолданылып қоймай, медицинаның белгілі бір ауруларды емдейтін аумағы болып есептелуінде. Мысалы: фониатрия – дауыс аппараты қызметі бұзылуын емдейтін оториноларингология бөлімі.

Терминдерді салыстырыңдар: психотерапия – ауру ағзасына психикалық жолдармен емдік əсер ету жүйесі. Психиатрия – клиникалық медицинаның жүйке жүйесін емдейтін бөлігі.

plasia – терминоэлементі мүше, ұлпа, дене бөлігінің өсуін білдіреді.

Көбіне «дисплазии» терминоэлементі қолданылады. Мысалы: myelodysplasia - жұлын өсу аномалиясының жалпы атауы, аплазия ______________- мүше не дене бөлігінің туа бітті болмауы.

ptōsis – терминоэлементі жеке қолданыла береді, птоз – туа бітті не жүре пайда болған жоғарғы қабақтың салбырап кетуі (сонымен қатар, pseudoptosis – қабақтың жалған салбырап кетуі). Күрделі термин құрамында бұл терминоэлемент «қандай да бір мүшенің салбырауы, түсіп кетуі» деген мағына берді.

trophia терминоэлементі гректің trophē – қоректену, тамақтану сөзінен, дегенмен, бұл терминоэлемент ұлпа не мүше қоректену процесін емес, ұлпа, торша қоректенуі, зат алмасуы бұзылуының негізіндегі патологиялық күйді білдіреді. Бұл жерде дистрофияның түрлері мен атрофия туралы айтылып тұр.

Атрофия – қызметінің төмендеуі не нашарлауы салдарынан болатын мүше мен ұлпа салмағының жəне көлемінің кішіреюі; атрофия негізіне ұлпа қоректенуінің бұзылуы жатады.

Дистрофия – ағзаның созылмалы қоректенуінің бұзылуы салдарынан болатын, малдың өсуінің, иммунитетінің нашарлауымен сипатталатын паталогиялық күй.

cēle – соңғы терминоэлементі «грыжа, выпячивание» мағынасын береді.

Жарық (hernia) - тері астына, бұлшық ет арасына, қуыстарға тесік арқылы бір мүшенің не мүше бөлігінің шығып тұруы.

pnŏё – тыныс алудың патологиясы (dyspnŏё – ентігу). Ентігу – ауа жетіспеушілігімен, қиналып тыныс алумен сипатталатын, тыныс алудың жиілігінің, тереңдігінің жəне ырғағының бұзылуы.

Терминоэлементтер тізімі

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

api- (лат.) Ара (араның уымен емдеу)

eu- Жақсы, қалыпты жағдайдағы (эйкапния)

irid(o)- Көздің құбылмалы қабағы (иридоцеле)

mis(o)- Жек көру (мизопедия)

orth(o)- Тік, жоғары қараған, дұрыс, қалыпты жағдайдағы (ортопедия)

oxy- оттегі (оксибаротерапия)

phon(o)- Дауыс, дыбыс (фониатрия)

phthisi(o)- туберкулез (фтизиатрия)

pseud(o)- жалған (псевдартроз)

psych(o)- психика (психиатрия)

splanchn(o)- Ішкі мүшелер (спланхнопексия)

thalass(o)- Теңіз, теңіз климаты (талассотерапия)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

-cēle жарық (гепатоцеле)

-iatria емдеу (психиатрия)

-kapnia көмір қышқыл газына қатысы бар (гиперкапния)

-plasia пайда болу, өсу, формалану ( ұлпа, мүше, дене бөлігі, ағза)

(аплазия)

-pnŏё тыныс алу (апноэ)

-ptōsis төмен түсу, салбырау (нефроптоз)

-therapia емдеу (баротерапия)

-trophia қоректену (торшалық, ұлпалық)

1. Терминдердің құрамын талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

thalassotherapia, hyperplasia, glossoptōsis, orthopaedia, pseudoptōsis, hyperkapnia, craniodysplasia, mastocēle, apnŏё, eutrophia, orthoptĭca, hepatoptōsis, apiphobia, geriatria, hypnotherapia, nephroptōsis, iridectomia, myelodysplasia, cystocēle, psychiatria, amyotrophia, normokapnia, pseudostenōsis, bradypnŏё, onychatrophia, phoniatria, osteochondrodysplasia, coloptōsis, galactocēle, orthopnŏё, hydrocephalia, hemiatrophia

2. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндіріңдер:

гипоплазия, мастоптоз, атрофия, мизопедия, гистероцеле, фтизиатрия, диспноэ, эйкапния, геронтопсихиатрия, гистероптоз, остеодисплазия, дистрофия, гиперпноэ, аниридия, педопсихиатрия, спланхноптоз, миелоцеле, гипокапния, хондродисплазия, тифлоптоз, гипертрофия, гастроцеле, олигопноэ, мегалоплазия, ортодонтия, псевдохолелитиаз, фтизиофобия, иридоцеле

3. Емдеудің əртүрлі түрін білдіретін терминдерді талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

климатотерапия, гормонотерапия, диетотерапия, механотерапия, химиотерапия, магнитотерапия, радиотерапия, термотерапия, физиотерапия, оксибаротерапия, музыкотерапия, фармакотерапия, баротерапия, психотерапия, витаминотерапия, гемотерапия, гирудотерапия, пиротерапия

4. Төменде келтірілген сөздерден терминдер құраңдар:

1) мүшенің не дене бөлігінің туа бітті болмауы;

2) асқазанның төмен түсуі;

3) жоғарғы қысымдағы оттегімен ағзаны емдеу;

4) ентігу;

5) қорқу – теңізден қорқу;

6) психикалық емдеу əдістерімен емдеу (психологиялық);

7) диафрагманың төмен түсуі;

8) тік ішектің шығып тұруы;

9) ауруларды жəне қатерлі ісіктерді дəрілік заттардың көмегімен емдеу;

10) мүшенің қоректенбеу себебінен салмағы мен көлемінінің кішіреюі

5. Көп сөзді клиникалық терминдері қазақ тіліне аударыңдар:

neoplasma malignum dorsi linguae, neoplasma malignum coli transversi, neoplasma malignum ductus biliāris, mesotheliōma peritonaei; сarcinōma in situ labii, cavitatis oris et pharyngis; leukaemia lymphoblastĭca acūta, naevus melanocytĭcus extremitātis superiōris, neoplasma malignum ossium longōrum extremitātis inferiōris; neoplasma benignum ossium brevium extremitātis inferiōris; сarcinōma in situ hepătis, vesīcae felleae et ductus biliāris; panmyelōsis

acūta, melanōma in situ labii oris, myelofibrōsis acūta, neoplasma malignum mammae, neoplasma malignum intestīni tenuis metastatĭcum, neoplasma benignum trachēae

6. Көп сөзді клиникалық терминдері латын тіліне аударыңдар:

Таңдайдың қатерлі ісігі, плазмоторшалық лейкоз, асқазанның қатерсіз ісігі; ауыз қуысы, өңеш, асқазандағы карцинома in situ; еріннің меланоформды невусы, он екі елі ішектің қатерлі ісігі, бронх пен өкпенің in situ карциномсы, омыртқа бағанасының қатерлі ісігі, дененің меланома in situ, алдыңғы аяқ қысқа сүйектерінің қатерлі ісігі, созылмалы лимфоцитарлы лейкоз, өкпенің (екінші) қайталанған қатерлі ісігі.

7 . Балау атауларын латын тіліне аударыңдар:

1) асқазанның қатерлі ісігі;

2) өңештің карцинома in situ;

3) жіті моноцитарлы лейкоз;

4) ұйқы безінің қатерлі ісігі;

5) еріннің қатерсіз ісігі;

6) қабырғалардың, төстің қатерлі ісігі;

7) дененің меланоформды невусы;

8) дененің in situ меланомасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет