Қазақстан республикасы білім және ғылым


Қоймадағы тауар қозғалысының құрылымы



бет31/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye
tasmaganbetov tfefhnfye, « аржы» маманды ы 12. 31 тобыны «Экономикалы талдау ж не аржы-1, 2020 referat 6842314 (2), 2020 referat 6842314 (2), График ГАК (карантин) -2019-20, 625635

2. Қоймадағы тауар қозғалысының құрылымы


Қоймаға тауарларды қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру – қоймадағы технологиялық процестің алғашқы сатысы.

Тауарларды қабылдау – тауарлардың нақты санын, сапасын және толықтығын тексеру.

Қоймаға тауарды қабылдау бойынша операцияның құрылымы мен сипаты келесілерге байланысты:


  • Жеткізу тәсілі (темір жол, су, әуе не автокөлікпен);

  • Қабылдау орны (жеткізуші не сатып алушы қоймасында);

  • Қабылдау сипаты (саны мен сапасы);

  • Жеткізу формасы (ыдыста не ыдыссыз).

Қабылдау бойынша операцияларды орындау кезінде келесідей жұмыс түрлері жүзеге асырылады:

  • Тауараларды қабылдауға дайындық шаралары;

  • Вагон, контейнер немесе орамасының тұтастығын тексеру;

  • Түсіру;

  • Қабылдау жеріне дейін жеткізу;

  • Саны бойынша қабылдау;

  • Сапасы бойынша қабылдау;

  • Сақтау орындарын белгілеу.

Тауарларды қабылдауға дайындық шараларға көлік құралдарынан түсіру орындарын және сақтау орындарын белгілеу, қажетті жұмысшылар мен құралдар санын анықтау, сондай – ақ қабылдау – тапсыру құжаттарын дайындау шаралары жатқызылады.

Қабылдау шаралары вагондардың тұтастығын мұқият тексеруден басталады. Вагон немесе контейнердің пломбасы тиісті түрде болмаған жағдайда тауарларды түгел саны мен сапасы бойынша тексеру қажет және коммерциялық акт толтырылады.

Түсіру жұмыстарын тиеу-түсіру жұмыстары белгіленген ережелерге сай жүргізілуі тиіс.

Тауарларды ашу алдымен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеру үшін жүргізеді. Ол екі мақсатта іске асырылады: біріншісі, тауардың саны мен сапасын тексеру; екіншісі, тауарларды қоймаға рационалды орналастыруға және тұтынушылардың тапсырыстарын орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Тауарларды қабылдау орнына жеткізілетін тауарлар саны мен ссапасы бойынша қабылданады.

Тауарларды саны бойынша қабылдау – жеткізілген тауардың нақты санын анықтау және оның тиісті құжаттардағы мәліметтермен сәйкестігін тексеру. Оның операциялары:


  • Орынды таңдау;

  • Ыдысты ашу;

  • Даналардың санын есептеу;

  • Ілеспе құжаттармен салыстыру.

Тауарларды саны бойынша қабылдау, әдетте, тауардың өлшем бірліктерін, салмағын санау. Алайда, тауарлардың санын ішінара тексерілуі мүмкін. Тауарларды саны бойынша барысында көліктік немесе есеп құжаттардағы мәліметтермен салыстыру арқылы тауарлардың нақты саны тексеріледі.

Тауарларды сапа бойынша қабылдау - тауарлардың сапасын, толықтығын және маркировкасын анықтау. Сапа бойынша тауарларды қабылдау келесідей операцияларды қарастырады:



  • Тауартанушы – брокерлердің жұмыс орындарына тауарларды жеткізу;

  • Ыдысты ашу;

  • Сапаны тексеру және оның келісім шарттарына сай келуін тексеру.

Қоймада тауараларды қабылдау сақтау технологиялық процестің маңызды операциялардың бірі боп табылады. Оның мақсаты тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін сақтау үшін жағдайлар жасау. Сақтау процесі тауарды қабылдап, оны қоймаға жеткізгеннен кейін басталады.

Қоймада тауарларды сақтау процесі келесідей операцияларды қамтиды:



  • Қойма орындарын ұйымдастыру;

  • Тауараларды орналастыру;

  • Тауарларды сақтау және қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау;  Тауараларды есепке алуды ұйымдастыру;

  • Көлік құралдарын пайдалану мүмкіндігі.

Индексация дегеніміз тауар сақталатын орындарын шартты – сандық белгілеу.

Тауардың сақталуын рационалды ұйымдастыру шарттарының бірі орналастырудың оптмалды әдісін таңдау. Тауардың қасиеттері, формасы және салмағы, әсіресе ормасы және т.с.с. тауарларды орналастыру кезінде анықтаушы факторлар болып табылады. Тауарларды орналастырудың екі әдісін ажыратады:



  • Штабельдік;

  • Стеллаждық.

Штабельдік орналастыру қапшықты, жәшікте, бөшкілерді әртүрлі азық – түлік тауарларын сақтау кезінде орын алады. Штабельдік түрде тауарларды орналастыру биіктігі тауар қасиеттері мен қорабының қаттылығынан тәуелді.

Стеллаждық орналастыру ашық түрде сақталатын тауарлар үшін қолданылады. Тауарларрды стеллаждық түрде сақталатын тауарлар полкілерге қойылады. Стеллаждлық тауарлар қораптарда, қапшықтарда, поддондарда сақталынады.

Сақтаудың стеллаждық типі тауарлардымаксималды биіктікке орналастыру есебінен қоймалардың сыйымдылығы аса рационалды пайдалануға мүкіндік береді.

Қоймадан тауарларды жөнелту - қоймадағы технологиялық процестің ақырғы сатысы. Ол келесідей операциялардан тұрады:



  • Тапсырысты қабылдау;

  • Сатуды рәсімдеу;

  • Сақталынатын жерлерден іріктеу;

  • Тапсырыстарды жинақтау және орау;

  • Тиеу жеріне жеткізу;  Тиеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет