Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Қашықтықтан оқыту жүйесі: оқу материалдары



бет11/20
Дата16.07.2020
өлшемі428 Kb.
#75289
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері

Қашықтықтан оқыту жүйесі: оқу материалдары

Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқу құралдарындарында қолданылатын материалдар формасы және жазылу түрі бойынша ерекшеленеді:

  1. Берілген материалды құру үшін қандай мәліметтер қандай оқу пәнінен алынды және сонымен бірге материал құрамына қандай және қанша мәліметтер енгізілуі бойынша жазылу түрі анықталады.

  2. Оқу материалын ұсынуда қандай формада жасалғанын анықтауға болады:

    • Монолог - авторлық мәтін, аудио жазба, бейнефильм;

    • Диалог – электрондық пошта немесе басқа құралдар арқылы мұғалім мен білім алушының арнайы ұйымдастырған интерактивті сұхбаты;

    • Жұмыс ойыны – мұғалім және бірнеше білім алушының семинар немесе интерактивті компьютерлер арқылы байланысуы.

  3. Материалдардың қандай жинағыш түрінде ұсынылуы бойынша ерекшелігі:

  • Дискета;

  • СД-диск;

  • Аудиокассета;

  • Бейнекассета;

  • Виртуальды көздерден (қажетті материалдардың Интернет желісінен алынуы);

  • Қағаз түрі бойынша.

Бинарлы (тринарлы, тетралды) оқу құралы – бұл өзара байланысты «кітап+компакт диск+бейнекассета+аудиокассета» құралдар жинағы. Оқу материалдарын білім алушыға беру технологиясы қашықтықтан оқыту жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

Осы жүйе бойынша оқу материалын берудің 6 технологиясы бар. Оларға:



  1. Интерактивті теледидар:

    • Қуаты аз, яғни 10-20 квадрат метр аймақта ғана жүзеге асырылады;

    • Жабық түрі – бір университет аймағында ғана жүзеге асырылады;

    • Микротолқынды түрі – 25 миль радиуста жүзеге асырылады;

    • Кабельдік – ақпарат қолданушыларға кабель жүйесі арқылы беріледі.

  2. Телекоммуникациялық желі:

  • Локальды;

  • Университеттік;

  • Халықаралық глобальды және жалпы ұлттық. Бұл түрге электрондық пошта, электрондық жарнама тақталары, гипермәтін жатады. Бірақ он-лайн режимінде берілетін бейнелерді көрсететін интерактивті технологияны жатқызуға болмайды.

  1. NetsCape Conference, NS NetMeeting, ISQ түріндегі диалогтық жүйелерде жұмыс жасайтын, бейнеконференциялар өткізілетін, мультимедиалық ақпараттар алмасу жүргізілетін компьютерлік телекоммерциялық желілер.

  2. «ТВ-Информ» желі түрі. «ТВ-Информ» технологиясы телевизиялық таратудың глобальды негізгі сигналына ақпаратты қосуға негізделген. Бұл ақпарат әлемнің және кез келген елге беріледі. Қолданыстағы модем көмегімен ақпарат теледидар арқылы беріледі. Бұл технология Интернет желісіне қарағанда 10 есе арзанға түседі. Бірақ, бұл технологияның кемшілігі, оның бір жақтылығы, өйткені ақпарат кері қарай басқа стандарт әдістерімен беріледі.

  3. Қарапайым пошталық немесе курьер арқылы жіберу ;

  4. Телефон немесе селекторлық байланыс.

Қашықтықтан оқытудың орталық штаты дәстүрлі оқыту штатына қараған ерекше. Қашықтықтан оқыту орталық штатында әр түрлі мамандар жұмыс атқарады. Оларға келесілер жатады [17]:

Басқару Кеңесі:



Дирекция:

  • Директор;

  • Референт. Қашықтықтан оқыту орталығының сайтын басқарады және барлық БАҚ-мен байланыс орнатады.

Шаруашылық бөлім:

  • Басқарушы;

  • Мәліметтер қорын және білім алушылардың жеке іс-парағын, оқу құжаттарын басқаратын, келісім-шарт дайындайтын іс-жүргізушіден құралады.

Тьютор бөлімі:

  • Басқарушы;

  • Тьюторлар. Жоғарғы оқу орны факультет деканының орынбасары немесе кадрлар бөлімінің қызметкерлері тьютор бола алады.

Маркетинг бөлімі:

  • Басқарушы;

  • Маркетологтан.

Өнеркәсіп бөлімі:

  • Басқарушы. Басқарушы оқу құралдарын құрудағы авторлық құқықтың бұзылмауына келісім-шарт жасап отырады;

  • Редакторлар;

  • Инженерлер, техниктер, өнім тиражын құрушылардан тұрады.

Ғылими-әдістемелік бөлім:

  • Басқарушы;

  • Конференцияларда қашықтықтан оқыту орталығын ұсынатын, оқу материалдарының жаңа түрін құратын, оқу материалдарын өңдейтін ғылыми-әдістемелік әдіскерлер.

Теникалық бөлім:

  • Басқарушы;

  • Қашықтықтан оқыту орталығының жабдықтарын және аймақтық өкілдерді басқаратын инженерлер.

Кітапхана бөлімі:

  • Басқарушы.

Аймақтық өкілдік:

  • Қызмет маркетингі. Білім алушыларды ұйымдастырумен, өкілдік жұмысын ұйымдастырумен айналысады.

  • Тьютормен мен білім алушының байланысын, виртуальды кеңестер, компьютерленген оқу процесін, құжаттар мен оқу материалдарын беру технологиясын ұйымдастырушы әдіскер.

Тьютор – қашықтықтан оқыту жүйесінің келесі міндеттерін атқаратын маман:

  • Оқу процесін жүргізу;

  • Білім алушылармен жеке хат алмасу жүргізу;

  • «виртуальды» оқу топтарын құру;

  • күндізгі және виртуальды кеңестер жүргізу;

  • қорытынды бағаны анықтау.

Мамандар орындайтын функцияны анықтаушы директор болып табылады және ол төменде келтірілген міндеттерді қадағалап отыруы қажет:

  • кеңес, семинар, конференция жоспары, оқу жоспарының өзгерістері, білім алушының жетістіктері және қашықтықтан оқыту орталығының барлық өкілдерінің жасаған жұмыстарын бақылап тұратын қашықтықтан оқыту орталығының сайтын қадағалау [40].

2.3 Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және оны жүргізуде тиімді құралды таңдау

Қазіргі кездегі белгілі жабдық ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:


  • WebCT – бағалау, тестілеу жүргізу, конференцияларды өткізу, ақпараттық ресурстарды қолдану, оқу курстарының жобасын құру;

  • Interactive Learning Network – оқуды бағалау, үлгірім бойынша мәліметтер базсын құру;

  • The Internet Classroom Assistant – оқу конференцияларын өткізу, әртүрлі оқу орталарында байланыс және ақпарат ресурстарын бірге қолдану.

  • The Learning Manager (TLM) – оқу курстарының жобасын құру, мультимедиалық оқу ресурстарын сақтау, білім алушыларға тест жүргізу және оны бағалау.

Интернетте оқу процесін ұйымдастыруда LOTUS компаниясының 2 өнімі ерекше орын алады.

Оларға Lotus Domino және Notes web-қосымшаларды құру және олармен жұмыс жасау кезінде қолданылатын электрондық пошта жүйелері жатады [15].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет