Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Төтенше жағдайларда экономикалық объектілердің тұрақты қызмет атқаруын анықтау



бет26/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
2. Төтенше жағдайларда экономикалық объектілердің тұрақты қызмет атқаруын анықтау
Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық жұмыс объектілердің тұрақтылығы бұл жағдайда өзінің функцияларының орындалуының қабілеттілігімен, сонымен қатар жарақаттанған жағдайда қалпына келу қабілеттілігімен анықталады.
Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталама факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергия, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар сағаты олардың тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.
Төтенше жағдай шарттарында объект тұрақтылықты сақтау үшін төтенше жағдайлардың дамуында пайда болатын зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуінен қызметшілерді сонымен қатар объектің жақын жерінде тұратын халықты қорғауға бағытталған инженерлік-техникалық, ұйымдастық және басқа шараларды өткізеді.
Төтенше жағдай шарттарында объект жұмыстық тұрақтылығына келесі факторлар әсер етеді: объектің орналасу аймағы, ішкі жоспарлануы және объект территориясының салынуы; техникалық процестердің сипаттамасы (қолдананылатың заттар, құралдардың энергетикалық сипаттары, оның өртке және жарылуына қауіптілігі және т.б.); өндірістік жүргізу жүйесінің сенімділігі және т.б.
Объектің орналасу аймағы, сонымен қатар зақымдалатын факторлардың әсер етудің мүмкіндігін анықтайды (жер селкінулер, су тасқындары, дауылдар, көшкіндер және т.б.).
Егер кәсіпорын немесе жүзетін өзеннің қасында орналасқан болса, темір жол және құбыр магистралының қиратылуы жағдайында шикізатты әкелу және дайын өнімін шығару су көлігімен асырылуы мүмкін.
Төтенше жағдайлардың салдарынан аймақтың метеорологиялық шарттар елеулі әсер етуі мүмкін.
Объектінің территориясындағы құрылыстардың ішкі жоспарлануы және тығыздығы өрттің таратылып кетуінің мүмкіндігіне, жарылыс кезінде пайда болатын екпінді тасқынды қоздыра алатын қиратуларға қоршаған ортаға улы заттарды тастау кезіндегі зақымдауға ұшырайтын ошағының өлшемдеріне және т.б. елелеулі әсер етеді.
Объекттің айналасындағы құрылыстардың өзгешелігін де еске алу керек. Солай берілген объекттің жанында қауіпті кәсіпорындардың,соның ішінде химиялық объектте пайда болған төтенше жағдайлардың салдарын елеулі дәрежеде күшейтуі мүмкін.
Техникалық процестердің спецификасын зерттей білу, құрал жабдықтардың жарылу мүмкіндігін (мысалы, қысым астындағы жұмыс істейтін ыдыстар) өрттер пайда болатын негізгі себептерін, процесте пайдаланатын қатты әсер ететін, улы және радиоактивті заттардың мөлшерін бағалау керек. Сонымен қатар төтенше жағдайдағы өндірісті тоқтатудың жылдам және апатсыз тәсілін жетілдіру керек.
Техникалық жүйелердің және объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарлатудың жолдары.
Әртүрлі төтенше жағдайларда электрлік құрылыстар әртүрлі бұзуларды және қиратуларды алып келуі мүмкін. Олардың нағыз осалдау бөлімдері жерлік құрылыстар (электрлі станциялары, қосалқы станциялары, трансформаторлық станциялар), сонымен қатар электр берілістердің ауа желістері болып табылады.
Қазіргі заманғы ірі энергиялық жүйелерде жүйенің жұмыс қабілеттілігін толығымен сақтап отырып, бұзылған электр кездерін лезде сөндіруге қабілеттілігі бар әртүрлі автоматты құралдар қолданылады.
Электр энергиямен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын жоғарлату үшін ең біріншіден электр берілістердің ауа желістерін кабельді (жер астындағы) желістерге ауыстыру тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін резервтік желістерді қолдану, объектілердің суырмалы электр генераторлар, электр қозғалынатын автономды резервтік кездерін алдын ала ескерту керек.
Төтенше жағдай салдарын ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттыру мен төтенше жағдайды ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.
Қазіргі уақытта болашақта Чернобыль сияқты аварияларды болдырмау үшін төтенше жағдай ахуалында өнеркәсіп өндірісінің тұрақтылығына талаптар ерекше маңызға ие болуда.
Осы талаптар инженерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салаға қатысты қолдарындагы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведомстволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.
Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:
-ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;
-төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;
-авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;
-азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериялогиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.
Төтенше жағдайы немесе қазіргі адам өлтіру қару жарақтарын қолданған кезінде салалы және аумақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында, арнаулы әскери экономикалық оқулары өткізіледі.
Ол өз алдына бұл сұрақтарды келесі (әртүрлі салалы және аумақты басқарма штабты-командалы, сондай-ақ ұйымдар, қалалар мен аудандар ішіндегі комплексті) оқуларында шешуге көмек береді. Оқулар басқарушылардың өз ісін атқаруға дайындықтың негізгі формасы болып табылады. Сонда салалы және аумақты органдарының бірлесіп жасалған жұмыстың тәсілдерімен формалары анықталады.
(Қосымша 7 кесте)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет