Магнитуда – ол, жер сілкінісі дүмпулерінің сейсмикалық қуатын сипаттайтын мөлшері (жер сілкінісі кіндігінен 100 км қашықтықта сейсмограф жасаған жер дүмпудің микрон түрінде белгіленген ең жоғарғы амплитудасы логарифм түрінде анықталады) болып табылады.
Магнитуда идеясын әзірлеуге көптеген ғалымдар үлес қосты.
Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.
Қазақстандағы сейсмоқауіпті аймақтар: Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы. Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал.
Жер сілкінуіне дейін: Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б.
Алдын-ала дайын болыңыз: -рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
-үш күнге жететін тамақ пен су;
-алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
-жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
-жылы киім мен аяқ киім.
Алғашқы жер сілкінісі кезінде: -есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
-газ, су және жарықты сөндіріңіз;
-жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.
Күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса): -екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
-ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
-кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
-лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер көшеде болсаңыз: -ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
-Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз: -ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз
Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
-ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
-сынған терезелердің құлауы;
-үзілген электр желілері;
-пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
-өрт;
-үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
Алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақталса, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.
Жер сілкінісі кезіндегі азаматтардың негізгі міндеттері. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.
Үйдің ішінде болсаңыз сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз.
Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.
Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.