Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет37/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Су басу - өзеннің, көлдің және теңіздің суының деңгейінің көтерілуіне байланысты құрғақ жердің көп бөлігін су алып кетеді. Көптеген су басудың себептері де нөсерлі жаңбырдың жаууы, қар мен мұздардың үздіксіз еруіде жатады.
Судың көтерілуінен болатын су басу Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Оңтүстік Қазақстанда мұндай жағдай ақпан-наурыз, ал оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілде айларында болады.
Су басу елді мекендерге үлкен нұқсан адам мен көптеген материялдық шығындар әкелуде.
Су тасқынынегізінен жиі немесе ұзақ жауған жаңбырдан, қар мен мұздардың тез еруінен; теңіз суының тез еріп, жағалаулар мен өзен салаларына қалыптағыдан тым көп мөлшерде ағуынан; су қоймалары мен бөгендерді судың бұзып кету жағдайларынан, табиғи және жеке адамдардың кінәсінен де туындап жатады.
Мұз құрсаулары мен тау өзендерінің сағасынан шығуы кезінде ғана су тасқыны бір мезетте өтуі мүмкін. Ал басқа жағдайларда су басу қауіпінің алдын алуға немесе дер кезінде қауіпсіздік шараларын қолдануға мүмкіндік бар.
Тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына байланысты болады.
Жергілікті жер жағдайын, күн райының ерекшеліктерін және тарихын білген жағдайда су басу қаупін, оның қандай жерлерге дейін жететінін дәл тауып болжау қиын емес. Сонымен қатар гидрологиялық болжамдарға даүнемі назар аударып отыру қажет.
Егер сіз өзіңізді жекелеген қаупсіздік шараларымен қамтамасыз еткіңіз келсе:
- су толқынының бірінші соққысында-ақ құлап қалмайтын, мықты баспаналар мен жайлар тұрғызуыңыз;
- барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйретуіңіз;
- жеке қайығыңыздың болуы (дұрысы екеу: біреуі-кәдімгі, ал екіншісі-үрлемелі);
- жақын маңдағы ең биік нүктемен таныс болуыңыз;
- жақындап келе жатқан апат жөнінде хабар беру жолдары мен тәсілдерін білуіңіз керек.
Егер сіз су басу аймағында қалған болсаңыз:
- үйдегі газ, электр көздерін және суды өшіру; жанып тұрған пешті сөндіру;
- үйдегі қымбат әрі бағалы заттар мен бұйымдарды жоғарғы қабатқа немесе шатырға шығару;
- терезелер сынбау үшін және үйге қалқып жүрген қоқыстар кірмеу үшін бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді тақтаймен немесе фанермен мықтап шегелеп жабу;
- үй жануарлары тұрған қоралардың есігіндегі ілгектерді ашып қою керек.
Су тасқыны аяқ астынан болған жағдайда, ең алдымен жылы әрі су өткізбейтін киім, көрпе, тамақ алыңыз және тұрғылықты жердің тарихында ешқашан су алмаған биік жерге шығыңыз.
Егер ондай жер жоқ болса, онда қайықты және басқа да жүзіп шығуға болатын нәрселерді дайындаңыз.
Су тасқыны басылған соң үзілген немесе салбырап тұрған электр сымдарынан, бүлінген газ құбырларынан сақтану керек.
Үйге кірмес бұрын оның су екпінінен кейін қандай жағдайда екенін білу қажет, құлауға шақ тұрған үйге кіру-қауіпті.
Тасқын судан тауып алынған тамақтарды және сол судың өзін де пайдалануға болмайды [10, б. 54].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет