Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Тау, су тасқынынан сақтану жолдары



бет36/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
Тау, су тасқынынан сақтану жолдары:
-жауын жауған кезде және жауын кеткеннен кейін 2 күндей тауға шықпау;
-тауда тек бұрын адам жүрген жолдармен жүру;
-жазда тауда түс қайтқанда, күн қызығанда жүрмеу;
-тұманды күні тауға шықпау;
-тауда жүргенде айқайламау, шуламау (дауыс ауға әсер етеді, ауа қарды қозғап жіберуі мүмкін).
-қар басқан тау бөктеріне жақындамау;
-егер тасқын жылжып келе жатқанын сезсеңіз, оның жолынан шығуға тырысу;
-күнделікті теледидардан, радиодан берілетін хабарларға көңіл аударып жүру.
Су тасқыны. Бұл құбылыста біздің елімізде, жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек табиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.
Жайық, Ойыл, Ембі өзендерінің суының көтерілуінен Қызылқоға, Жылыой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі мен Жайық өзендері Атырау қаласына кауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз көшіруді орындарга), күрес жүргізуде. Осындай жағдай 2003-2004 жылдары Шардара су қоймасында, Сырдария өзенінің басында болып үлкен материалдық шығын әкелді.
Су басуы - өзен, көл немесе теңіз суының деңгейі көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында калуы. Ол елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.
Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.
Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте кауіпті болады.
Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық, аймақтарындағы өзендерде болып түрады. Оңтүстік Қазакстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, Оңтүстік шығыс және Шығыс Қазақстанда - наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде - наурыз-маусым айларында болады.
Жаңбырдан болатын тасқындар Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен Оңтүстіктегі, Оңтүстік Шығыстағы тау етегінде және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ак, жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейіні өзендерінде байқалады. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынын ерекшелігі сол, ол белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы мүмкін [1, 53 б.].
Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл Солтүстік Шығьгс жағалауында болады. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су таскыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілумен ушыға түсуде.
Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қирату салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байкалады.
Өзеннің жоғарғы бөлігінде мұз тосқауылдары топырақ бегеттерінің бұзылуы жағдайында таскын қас-қағым сәтте болуы мумкіи.
Қалған жағдайларда су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұз жүрген кезде, қар еріп жатқанда және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүру өте кауігіті. Су батпақтардың сіңгіштігін азайтады да, батпаққа батудың қауіпі туады.
Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет.
Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
Республика аумағындағы көптеген тасқындардың судың деңгейінің көтерілуінің болатындығынан белгілі. Алдын жұмыстарының тұтас жүйесі бар судың басуы болатын аумақтағы тасқын судың арнасын бұру су коймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу; жүзу және құтқару кұралдарын жасау және даярлау; толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының барлык мүшелерін үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді білу; жақындаған зілзала туралы хабарды алуға дайын болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ тегу.
Тұрғындарды уақытша кешірудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін халыққа Тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.
Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысын және басқа да мәліметтер хабарланып отырады.
Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді - мекендерге көшіріледі.
Кәсіпорын мен мекемелер су қауіпі төнген жағдайда жұмыс тәртібін өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын көшедегі адамдар судың көтерілуін байкаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңге немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.
Үйден (пәтерден) шыққан кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, күнды заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жететін азық-түлік қорын алу ұсынылады.
Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатка, шатырға шығару керек. Үйден (пәтерден) шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдеткішті және басқа да саңылауларды нығыздап жабу керек.
Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу шұғыл үйымдастырылып, осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері жүзу қүралдарының экипажы мен басқа барлык қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (катер, қайық, желкен және т. б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бүл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен кәрі адамдарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.
Цунами – су астында болған жер сілкінісі әсерінен пайда болған ұзындығы үлкен гравитациялық толқын. Толқынның биіктігі цунами басталған жерде 0,1-5м болса жағада -10м, ал клин тәрізді бухталарда және өзен шеттерінде -50м-ге дейін жетеді. Цунами көп жағдайларда Тынық және Атлантикалық мұхитта болып тұрады. Цунамиден сенімді қорғау жоқ. Қорғаудың сейсмикалық органдарға толқынның жақындап келе жатқанын дер кезінде хабарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет