Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


тақырып. Жер сілкінісі, авария, өрт, жарылыс, сутасқыны, стихиялық әсерлер және өндірістік объектілерде жарылыс кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары



бет33/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
6 тақырып. Жер сілкінісі, авария, өрт, жарылыс, сутасқыны, стихиялық әсерлер және өндірістік объектілерде жарылыс кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары

1. Жер сілкінісі кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары.


2. Су тасқыны кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары.
3. Өрт кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары.
4. Өндірістік объектілерде жарылыс кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары.


1. Жер сілкінісі кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары
Жер сілкінісі - ол, жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықта таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысын айтады.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Ол дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрін айтады. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады.
Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф құралы арқылы ғана байқауға болады.
Алматы қаласы мен Алматы облысында жыл сайын сейсмографтар 400 дей жер үсті дүмпуін байқайды [1, 38 б.].
Жер сілкінісінің төрт түрі бар:
1.Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.
2.Жанартаулық жер сілкінісі  - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.
3.Опырылма жер сілкінісі  - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады.
4.Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.
Орталық нүкте жердің астында жер сілкінісі басталған (болған) орын болып келеді, ал кіндік орталық - ол, орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүктені айтады.
Ошақтың тереңдігі орталық нүкте мен кіндік орталығының аралығы. Терең емес жер сілкінісі болған жағдайда ошақтың тереңдігі 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 километрге дейін болады.
Жарықтың айырылған бөлігінің көлемі (ұзындығы) – сезілмейтін жер сілкіністерінде бірнеше метр және ірі жер сілкіністерінде бірнеше км-ге дейін жетеді. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөліктерінде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетіне де жетуі мүмкін.
(Қосымша 9 кесте)
Қатты дүмпудің ұзақтығы - орташа жер сілкіністерінде 2 секундтан 5 секундтқа дейін, ал күшті жер сілкіністерінде 20-дан 90 секундтқа дейін болуы мүмкін.
Жер сілкіну ауданының радиусы - орташа жер сілкіністерінде 5-15 км, ал күшті жер сілкіністерінде 50-160 км болады.
Жер сілкінісінің қарқындылығы салыстырмалы мөлшері мыналардан тұрады.
-жер сілкінісі кіндігінің арақашықтығынан ол кезде жер сілкінісі кіндігіне жақындаған сайын қарқындылығы жоғары болып табылады.
-жер сілкінісі ошагының тереңдігінен ол кезде тереңдігі аз болған сайын қарқындылығы көбірек бола түседі.
-топырақ жағдайына байланысты ол кеуепті жыныстар және жер асты суларының жоғары жатуы жер сілкінісі қарқындылығының бір балға көбеюіне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет