2. Жаппай қырып жою қаруынан қорғану Халықты радиациялық және химиялық қорғау радиоактивті және химиялық жағдайларды анықтау мен бағалау, дозометриялық бақылауды ұйымдастыру, радиационды қорғаудың режимін жасау, халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, арнайы тазалауды ұйымдастыру мен жүргізуден тұрады.
Халықты радиациялық және химиялық қорғау мына жағдайларда орындалады: -алдын-ала жеке қорғану құралдарымен радиационды және химиялық барлық заттар мен жасақтарды дайын болуы;
-өз уақытында құралдарды енгізу, анықтау әдістері, жаудың көп зақымдайтын қарудың масштабын ақырын бақылау және халық шаруашылығын радиационды және химиялық қауіпті объектілердегі апатты бағалау;
- соғыс және бейбітшілік уақытындағы радционды, химиялық барлау дезометрлік бақылауды жүргізетін заттар және көмектер қажет;
- халықты жеке қорғаныс және бақылау құралдармен қамтамасыз ету;
- халықты радционалды қорғаудың типтік режимін жасау мен халық шаруашылық объектілерінің зақымдалу жағдайында жұмыс жасау;
- алдын-ала халықты санитарлық тазалау мен арнайы киім, зат, транспортты тазарту жүргізетін коммуналдық шаруашылық объектілерін дайындау.
Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) қолдану бойынша тыныс алу мүшелерін, көз, бет терісін қорғайтын жеке теріні қорғайтын заттар болып бөлінеді.
Жеке қорғаныс құралдарынан басқа медициналық қорғаныс құралдары бар.
Теріні қорғау құралдары қорғайтын әсеріне байланысты изоляциялайтын және фильтрлейтін болып бөлінеді.
Теріні қорғау құралдары әдетте ауа өткізбейтін, арнайы эластикалық резинадан жасалған материалдардан дайындалады. Олар герметикалық және герметикалық емес болуы мүмкін.
Қорғаныс комбинезоны ол бірге тігілген куртка мен шалбар, капюшоннан тұрады.
Қала мен ауылдық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.