Қатты әсер ететін улы заттың талқандау ошағынан қызмет барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Тыныс алу мүшелерін аммиактан сүзгілеуші өнеркәсіптік және оқшау- лаушы газтұтқылар, газ респираторлары корғайды. Сондай-ақ, КД (корабы сұр түсті) маркалы өнеркәсіптік газтұтқылар мен РПГ-67-КД, РУ-60М-КД респираторлары пайдаланылады.
Сүзгілеуші өнеркәсіптік газтұтқыларды пайдаланғанда ең жоғарғы рауалы шоғырланды 750 ШРК (15000 мг/куб.м) тең, егер бұдан жоғары болса, тек окшаулаушы газтұткыларды пайдалану керек. Респираторлар үшін бұл доза 15 ШРК тең. Химиялық зонадағы апатты жою барысында аммиак шоғырлануы белгісіз болған жағдайда тек оқшаулаушы газтұтқыда жұмыс істеу керек. Аммиак теріні зақымдамас үшін резиналанған қорғаныш костю- мын, резина етік пен қолғапты пайдалану керек.
Ауада аммиактың болуын және шоғырлануын УГ-2 газоанализаторы арқылы анықтауға болады. Өлшем шектері: 0,03 мг/л- 250 мл көлемдегі ауа- ны сорғанда; 0,3 мг/л дейін - 30 мл сорғанда, ауада аммиак буларының болуын ВПХР, ПХР-МВ химиялық барлау құралдары арқылы білуге бо- лады. Ауаны таңбалы көрсеткіш түтік арқылы сорғанда (бір сары сақына)
2 мг/л жэне одан көбірек шоғырланса, аммиак толтырғышты ашық жасыл түске бояды.
Тыныс алу мүшелері мен көзді хлордан сүзгілеуші және оқшаулаушы газтұтқымен қорғайды. Ол үшін сүзгілеуші газтұтқылар: өнеркәсіптік, А маркалы (қорабы қоңыр түсті); БКФ (қорғаныш), В (сары), Е (кара), Г (кара және сары), азаматтық — ГП-5, ГП-7, балалар газтұтқылар пайдаланылады.
Сүзгілеуші газтұтқыларды пайдаланғанда хлордың барынша рауалы шоғырлануы - 2500 мг/куб.м. Егер одан жоғары болса, тек оқшаулаушы газтүтқылар пайдаланылуы тиіс.
Хлордың ауада болуымен шоғырлануын УГ-2 типті әмбебап газоанали- затор арқылы анықтайды. Хлоры бар ауаны көрсеткіш түтікшесі арқылы сорғанда қызыл түске боялған түтіктегі көрсеткіш ұнтағы бар бағанасы хлор шоғырлануына қарай езгереді.
Шекті ауалы қалыптан жоғары шоғырланған (0,01 мг/м куб.тан 10 мг/м кубқа дейін) сынап буларынан қорғану үшін міндетті түрде өнеркәсіптік сүзгілеуші газтұтқылар мен респираторларды пайдаланған жөн.
Г маркалы үлкен габаритті газтұткылар (қорабы екі түске — қара мен сарыға боялған) тыныс алу мүшелерін сынап булары мен этилмеркурхло- рид негізіндегі кұрамында сынап бар улы химикаттардан қорғауға арнал- ған. Г маркалы аэрозоль сүзгімі бар газтұткы сынап пен хлор буларының қоспасынан қорғайды. Бұл газтұтқыны пайдаланғанда әр қораптың қызмет уақытын ескеру қажет, себебі аэрозоль сүзгішсіз қорғау ұзақтығы - 100 сағат, аэрозоль сүзгішсіз, бірақ индексімен - 8, аэрозоль сүзгімімен - 80 сағат. РПГ-67-Г газтұтқыны респиратор 25 сағат бойы қорғайды. РУ-60М-Г әмбебап респираторлары сынап пен аэрозоль буларынан 15 сағат қорғайды.
Тыныс алу мүшелерін фосгеннен В маркалы сүзгілеуші өнеркәсіптік газтұтқы (қорабы сары түсті), азаматтық (ГП-5, ГП-7), балалар және оқшау- лаушы газтұтқылар қорғайды. Қауіпті химиялык объектілерден фосген шоғырлануы белгісіз апаттарды жойғанда тек оқшаулаушы газтұтқымен жұмыс істейді. Адам терісін сұйық фосгеннің зақымдауынан қорғау үшін ре- зиналанған қорғаныш костюмдерін, резина етік пен колғапты пайданалу керек.
Ауадағы фосген буларын үш жасыл сақинамен таңбаланған көпқабатты көрсеткіш түтікпен анықтайды, ол ВПХР, ПХР-МВ, МПХР химиялық барлау кұралдарында болады. Ол үшін түтікті ашып, ампуланы жарып, түтікті насосқа салып, 15-20 рет болады. Одан кейін толтырғыштың жоғарғы қабатының түсін таспа этикеткасындағы бояумен салыстырады. Фосген әсерінен ақ түс жасылға не көк жасыл түске айналады.
Тыныс алу мүшелері мен көзді күкіртті ангидридтен В маркалы өнеркәсіптік сүзгілеуші газтұтқылар (қорабы сары түсті), Е (қара), БКФ (қорғаныш) газтұтқылары, газтұтқыны РПГ-67В және әмбебап РУ-60М-13, РУ-60М-13, азаматтық ГП-ға, ГП-7 респираторлары, балалар газтүтқылары қорғайды. Егер шоғырлануы барынша рауалы нормадан (0,2 %) жоғары болса, тек оқшаулаушы газтұтқылар пайдаланылады.
Тыныс алу мүшелері көгерткіш қышқылдан сүзгілеуші және оқшаулау- шы газтұтқылар қоргайды. В маркалы (қорабы сары түсті), БКФ (қорға- ныш) сүзгілеуші өнеркәсіптік газтұтқылар, ГП-5, ГП-7 азаматтық жэне балалар газтұтқылары пайдаланылады. Көгерткіш қышқылдың барынша рауалы шоғырлануы сүзгілеуші газтұтқыны пайдаланғанда 1800 мг/куб.м (6000 ШРК) аспауы тиіс, егер одан жоғары болса, тек оқшаулаушы газтұтқыны, сондай-ақ теріні қорғау киімін пайдалану қажет.
Ауада көгерткіш қышқылдың барлығын химиялык барлаудың жауынгерлік құралдары - ВПХР, ПХР-МВ, ТПХР арқылы анықтауға болады.
Тыныс алу мүшелері мен көзді күкіртті сутектен КД (қорабы сүр түсті), В (сары), БКФ (корғаныш) маркалы сүзгілеуші өнеркәсіптік газтұтқылар, РПГ-67-КД, РУ-60-КД респираторлары, ГП-5, ГП-7 азаматтық және балалар газтұтқылары қорғайды. Химиялық кауіпті объектілердегі газ шоғырлануы сүзгілеуші газтұтқыны пайдаланғанда 1800 мг/куб.м (6000 ШРК) аспауы тиіс, егер одан жоғары болса, тек оқшаулаушы газтұтқыны, сондай-ақ теріні корғау киімін пайдалану қажет.
Ауада көгерткіш қышқылдың барлығын химиялық барлаудың жауынгерлік құралдары - ВПХР, ПХР-МВ, ТПХР арқылы анықтауға болады.
Тыныс алу мүшелері мен көзді күкіртті сутектен КД (қорабы сүр түсті), В (сары), БКФ (қорғаныш) маркалы сүзгілеуші өнеркәсіптік газтұтқылар, РПГ-67-КД, РУ-60-КД респираторлары, ГП-5, ГП-7 азаматтық және балалар газтұтқылары қорғайды. Химиялық қауіпті объектілердегі газ шоғырлануы белгісіз апаттарды жойғанда тек оқшаулаушы газтұтқымен жұмыс істейді. Адам терісін қорғау үшін қорғанышты резиналаған костюмді, резина етік пен қолғапты қолданады.
Ауада күкіртті сутектің болуы мен шоғырлануын УГ-2, ВПХР, ПХР, ПХР-МВ әмбебап газанализаторлары анықтауға мүмкіндік береді.
Аммиак тыныс алу жолдарын зақымдайды, оның белгісі мұрын бітуі, жөтелу, тыныс алудың қиындауы, тұншығу болып табылады, мұндайда жүрек соғысы бұзылып, тамыр соғысының жиілігі бұзылады. Аммиак булары сілекейлі қабық пен тері қабының қатты тітіркендіріп, теріні қызартады, қышытады, көзді ашытып, жас ағызады. Сұйық аммиак пен оның ерітіндіері терімен жанасқанда оны жансыздандырып, күйдіріп, жаралайды.
Аммиакпен залалданған адамды міндетті түрде таза ауаға шығарған жөн. Оны жатқан күйінде тасымалдау керек. Зардап шегушіге тыным беріп, ылғалды оттегі беру қажет. Өкпе ісінген жағдайда жасанды тыныс алдыруға болмайды. Теріні, сілекейлі қабық пен кезді 15 минут сумен немесе бор қышқылының 2 % ерітіндісімен жуған жөн. Көзге альбуцидтің 30 % ерітіндісінің 2-3 тамшысын, мұрынға жылы зәйтүн немесе шабдалы майын тамызу керек.
Егер хлормен зақымданса, зардап шегушіні дереу таза ауаға шығарып, жылылап жауып спирт немесе су буымен тыныс алдырады. Тітіркенуін ке- міту үшін соданың 0,5 % ерітіндісінің аэрозольімен тыныс алдырады. Зар- дап шегушінің өздігінен қозғалуына болмайды, оны тек жаткан күйінде та- сымалдау қажет. Егер адам тыныс алмаса, ауызбен жасанды тыныс алдыру жасау қажет.
Химиялық қауіпті объектіде өндірістік апат болғанда, хлорды сақтағанда және тасымалдағанда ол ауаны қатты залалдауы мүмкін.
Мұндайда қауіпті зонаны оқшаулап, оған тыныс алу мүшелері мені теріні қорғау құралдарынсыз ешкімді жібермеген жөн. Зона маңында жел жақта тұрып, төмен жерлерге бармау қажет.
Сынаппен ауыр да өткір уланған адамды асқазанын аузы арқылы сумен жуып, оған сүт, жүмыртқаның ақ уызы араластырылған су, одан кейін іш айдатқы беру керек. Өткір, әсіресе ингаляциялы уланған жағдайларда зардап шегушіні зағымданған зонадан алып шығып, госпитальдау керек.
Фосгенмен уланған жағдайда алғашқы көмек көрсеткенде зардап шегушіге газтұтқы кигізіп, оны қауіпті зонадан шығарып, оған тыным беріп, жылылау қажет. Киімінің жағасын, белдігін, түймелерін ағытып, фосген буларымен залалданған болуы мүмкін сыртқы киімін шешу керек. Аздап ыстық сусын беру керек. Жасанды тыныс апдыруға болмайды, тезірек ауруханаға жеткізу қажет.
Күкіртті ангидридпен залалданған адамды ең алдымен таза ауаға шы- ғарған жөн. Оның терісі мен сілекейлі қабықтарын сумен немесе 2 % сода ерітіндісімен, көзін-ағын сумен 15 минут бойы жуады.
Көгерткіш қышқылмен уланғанда зардап шегушіге дереу медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Оған газтұтқы кигізіп, улы ауада антидот беріп (амилнитраттың ампуласының) ұшын сындырып, дем шығармай тұрған кезінде газтұтқының беттік бөлігінің астына сала кояды) залалданған зонадан алып шыгады. Зардап шегушінің жағдайы ауырлап кала берсе, 5 минуттан соң оған кайта антидот береді. Тыныс алуы күрт киындаған жағдайда жа- санды тыныс алдырады. Қышқылмен және оның түздарымен асказаны уланған жағдайда тезірек кұстырып, натрий гипосульфитінің 1 % ерітінді- сін ішу қажет.
Күкіртті сутекпен уланған зардап шегушіні таза ауаға шығарып, жылы- лап, тыным беріп, сода коскан жылы сүт ішкізеді. Одан кейін оны қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне бор қышкылының 3 % ерітіндісінен болады. Ауыр уланған немесе тыныс алуы киындаған жағдайда оны жасанды тыныс алдыру кажет [1, 79 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |