Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Өндірістік объектілерде жарылыс кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары



бет40/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
4. Өндірістік объектілерде жарылыс кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары
Заманауи зақымдау құралдары (ЗЗҚ) қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізудің бірнеше ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді.
Бұнда басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады.
Ядролық зақымдану ошағында келесі құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың келесі түрлері көп орындалады: уақытша өткелдерді жабдықтау, құлаған жасырыну ғимараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету, адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен құрылыстардан құтқару, жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру, ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату, тіршілік қамтамсыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.
Химиялық зақымдану ошағында келесі іс-шаралар жүргізіледі:зақымдану ошағын химиялық жәнемедициналық барлау, ҚЗ зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау, адамдарды санитарлық өңдеу және олардың киімдерін залалсыздандыру, ғимараттарды, жерді, техниканы дегазациялау.
ҚЗ улану ошағында жүргізілетін іс-шаралар қоздырғыштар мен оның қолданылу тәсіліне қарай екі кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезең – қоздырғыш түрін анықтағанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде жалпы эпидемияға қарсыжәне эпизоотияға қарсы іс-шаралар: карантинді хабарлау, улану ошағының өлшемі, сынақтар алынып, қоздырғыштар түрін анықтау үшін зертхналарға жіберіледі.
Аумақтарды, ғимараттарды залалсыздандыру, санитарлық өңдеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Екінші кезең – қоздырғыш түрін анықтаған соң. Бұл кезеңде карантиндік режим сақталады, немесе обсервациямен ауыстырылады. Карантин хабарланған аумақтағы кейбір аурулар аумағында қауіпті аумақ белгіленеді.
Бұл аумақта медициналық және ветеринарлық бақылау ұйымдастырылады, азық-түлік өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану орындарына
бақылау ұйымдастырылады. Карантин хабарланған аумаққа апаратын барлық жолдарға ескерту белгілері қойылады.
Қазақстан Республикасында апаттан құтқару жұмыстарын өткізу ұйымдастыру.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:
- халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
- барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
- тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
- құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
- төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
- зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
- құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
- төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.
Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.
Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады.
Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі.
Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:
- барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;
- мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;
- зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;
- күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;
- тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;
- күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.
Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, сондай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімің барынша жақындатудың ерекше маңызы бар.
Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштерінің, әртүрлі жұқпалы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көлік- тегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсер ететін улы және зиянды заттармен ластанады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет