Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу



бет42/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
2. Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу
және ұйымдастыру
Төтенше жағдайларды жою дегеніміз апаттық -құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу болып табылады.
Төтенше жағдайларды жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар деп апаттық -құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызметті айтады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу ол күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға кемек көрсету бойынша, төтенше жағдай оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
Төтенше жағдай зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соғанбайланысты тәуекелділікке негізделеді, сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру.
Адамдар құтқару төтенше жағдай жою әдірісін бір бөлігін құрайды, олар өз арабайланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі:
- құтқару;
- арнаулы (жедел);
- қосалқы.
Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

  • - зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

  • - зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.

Арнаулы (жедел) жумыстар мыналарды қамтиды:
- өрт сөндіру;
- коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
- тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
- осал құрылыстарды күшейту.
Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.
Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:
- алаңдарды тазалау;
- техника орнату;
- қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
- жұмыс орындарын жарықтандыру;
Адамдарды құтқару жұмыстары күні-түні ауа райының кез келген жағдайында орындалады. Құтқару жұмыстардың ұзақтылығына кері әсер ететін бірсыпыра қауіпті факторлар бар, соның ішінде өрт факторлары (жылу сәулелері, түтіндену және газдану), аумақ пен ғимараттардың қатты әсер ететін улы заттармен зақымдануы және т.б.
Көлікпен қамсыздандыру шаралары және Азаматтық қорғаныс күштерінің іс-әрекеттері көшіртетін халықты дер кезінде әкету, құтқарушыларды жылдам жүмыс орны мен қоныстану ауданына жеткізу, қалалардан материалдық құндылықтарды әкетуАзаматтық қорғаныс күштерін төтенше жағдай аудандарына тасымалдау мақсатында ұйымдастырылады.
Көлікпен қамсыздандыруды Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай көлік қызметтері, Азаматтық қорғаныс көлік құрамалары, министрліктер мен ведомстволардың, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан нысандардың көліктік ұйымдары жүргізеді.
Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекеттерін материалдық-техникалық қамсыздандыру Азаматтық қорғаныс басқару органдары мен күштерін өз уақытында және тұрақты әзірлікте ұстау, төтенше жағдай аймағында, зақымдану ошақтарында құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде оларды әзірлікке жедел келтіру мен Азаматтық қорғаныс күштерін қамсыздандыру мақсатында ұйымдастырылады.
Гидрометеорологилік (метереологиялық) қамсыздандыру Азаматтық қорғаныс шараларырын орындау кезінде метереологиялық және гидрологиялық қауіпті құбылыстар мен ауа райының элементтерін жан-жақты есепке алу мақсатынды жүргізіледі.
Азаматтық қорғаныс күштерінің іс-әрекеттері мен гидрометеорологиялық шараларды қамсыздандыруы гидрометеорологиялық және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын қамтитын арнаулы органдар мен құрылымдар атқарады.
Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға тіршілік қамсыздандыру, адамдардың денсаулығын және жұмыскерлік жағдайын кетеру шаралары қолға алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет