тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен және де күнделікті қажетті бар қүралдарымен қамсыздандыру;
бактерологиялық, химиялық, радиоактивті зақымданудан азық-түлікті, су қоймалары және су беру жүйесін қорғау;
тұрғындарды коммуналды-тұрмыстық қамсыздандыру;
тұрғындардың медициналық қамсыздандыру;
Төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет тәртібін жасау және өз уақытында орнату;
тұрғындарды санитарлық түрғыдан қарау;
әзір өнімдерді, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, көлікті, аумақты залалсыздандыру бойынша жұмыс жасау;
түрғындарға нақты ақпарат беру;
адамдардың моралдық-психологиялық және психологиялық тұрақтылығына көмек беру шараларын жасау;
тұрғындарды еңбек ету мүмкіншілігімен қамсыздандыру.
Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дәрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жеделжетуде мақсатталады.
Зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.
Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады: -радиацияның және өрттің жайын анықтау;
-қорғану құрылым жайында анықтау;
-азап шеккендерді іздеу;
- өртті таратпау;
- жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау;
- бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу;
-оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу;
- радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару;
- адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі. Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқаружұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.
Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту.
Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.
Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.
Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін және көлемін белгілейді, жасақтардың міндетін айтады және басшылық етеді.
Зардап шеккендерге берілетінкөмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалғаніс-әрекеттердің тиімділігінде.
Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады: - көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
- жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
- апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
- құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
- оларды шығару;
- зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
- халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
- адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
- территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.
Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады: - ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
- апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
- бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
- қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
- көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
- құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.
Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлапорау жабдықтары болуы тиіс.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды: - халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
-барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
-тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
-құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
-төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
-зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
-құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
-төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.
(Қосымша 11 кесте)