Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу барысындағы кауіпсіздік шаралары



бет44/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
3. Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу барысындағы кауіпсіздік шаралары
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидалары, халық пен аумақтарды төтенше ахуалдардан қорғау, халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға сәйкес болуы тиiс.
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:
-өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;
қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат беру;
- қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;
-өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк бақылау;
- өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау;
- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргізуге ұйымды аттестаттау;
- өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргізу;
-кәсіби апаттық -құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсетуі арқылы қамтамасыз етiледi.
Апатты жою жоспары:
- қауіпті өндірістік объектіде апаттарды жою жоспары әзірленеді.
-аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс- шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
Апатты жою жоспарында:
- жедел бөлім;
- апаттарды жоюға қатысатын персоналдың міндеттерін бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;
-авария туындаған жағдайда хабардар етілетін және оны жоюға қатысатын лауазымды тұлғалар мен мекемелердің тізімдері көрсетіледі.
Апаттарды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және ол кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен келісіледі.
Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар;
-қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі. Ұйым оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша ақпараттандырады.
-оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және кәсіби апаттық -құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып, жүргізеді.
-оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі
Қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың қабылдану сынақтарын жүргiзу ;
-қауiптi өндiрiстiк объектiлер, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын техникалық құрылғылар, материалдар, оның iшiнде шетелде өндiрiлгендер өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi бойынша қабылдану сынақтарынан өтуі тиіс. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу құқығын уәкiлеттi орган мен аттестатталған ұйымдар қабылдану сынақтарын жүргiзедi.
-уәкілетті орган аттестаттаған ұйымдар, қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың қабылдану сынақтарын жүргiзу жөнінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша түрде ақпараттандырады.
Аттестатталған ұйым қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың қабылдану сынағын мынадай құжаттар;
-сынақ жүргiзу жөнiндегi комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрық;
-сынақ бағдарламасы мен әдiстемесі болған жағдайда жүргізеді.
Тәжiрибелiк үлгiлердің қабылдану сынақтары қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүргiзiлуі тиiс.
Уәкiлеттi органмен келiсiлу бойынша қабылдану сынақтары әзірлеушіде жүргiзiлуi мүмкiн. Сынақтардың көлемi мен оны жүргiзу тәртiбiн аттестатталған ұйым айқындайды.
Шетелде өндiрiлген қауіпті өндірістік объектілер, техникалық құрылғылар, материалдар бойынша Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жеткiзушi елінде үлгiлердің қабылдану сынақтарын жүргiзуiне жол берiледi. Мұндай сынақтарды жүргiзу уәкiлеттi органмен келiсiлу бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдану сынақтарының нәтижелерi бойынша қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары мен нормаларына сәйкестiгi, кемшiлiктерiнiң бар- жоғы туралы акт, оларды жою жөнiндегi ұсынымдар, өнiмнiң осы түрiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнiнде ұсыныстар берiледi.
Құтқару жұмыстары стихиялық апат аудандары мен ірі апат орындарында бірінші кезекті катастрофалық салдардың, апаттардың болуын, адам өлімі мен материалдық құндылықтардың шығынына әкелетін екінші реттік себептердің болуын болдырмаудың алдын-ала ескерту болып табылады.
Құрылымдардың командирлері аудандағы жағдайды үнемі біліп отыруы керек, оның өзгеруіне сәйкес анықтап немесе бөлімшелерге жаңа міндет қойып отыруы қажет.
Құтқару мен шұғыл жұмыстарды өткізу үшін техникалық құралдар қажет болады:
- жертөлелерді, қорғаныс құрылыстарды бұзуға машиналар (экскаваторлар, бульдозерлер, крандар, домкраттар, лебедкалар);
- ауа жіберу үшін және тесік жасайтын пневматикалық құралдар (әмбебап құралдар, бұрғы қондырғылары, кен балғалары);
- металлды кесуге арналған құралдар (керосинкескіштер, автогенді аппараттар, сеперқайшылары және т.б.);
- жолсыздықтан техниканы өткізуді қамтамасыз етуге арналған құралдар (механизацияланған көпір, тартым-трейлерлер, өздік жүретін шынжыр табанды паромдар, понтондар және т.б.);
- сумен қамтамасыз ету құралдары (бұрғы қондырғылары, фильтрлеу станциялары және т.б.);
- адамдарды іздеу құралдары (иттері бар кинологтер, теплопеленгаторлар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет