Пәтеріңіз жанған жағдайда;
Өрт сөндірушілер біріншіден: 112-ге қоңырау соғып, балаларды және қарттарды шығарып, тек содан кейін өз күштерімен отты сөндіруді ұсынады,бірақ әрекет ету вариантын орнында таңдауға болады, ал біз нақты техникалық сұрақтарды қарастырайық.
Егер теледидар жанса, оны бірден электр желісінен сөндіріп тастау керек, содан кейін ғана артқы жағындағы желдеткіш тесіктерінен (бір жағында тұрып) сумен сөндіру керек, немесе от басқа заттарға тарамау үшін (мысалы перделерге) қалың көрпемен жауып, суға немесе өрт сөндіргішке жүгіру керек.
Егер кинескоп жарылса, онда улы түтін қауіпті, сондықтан бөлмеде өзіңіз дем алмаңыз және басқаларға, әсіресе балаларға, ескертіңіз.
Теледидарды перделерден 70-100 см кем емес ара қашықтықта орналастыруға кеңес береміз, оның үстіне жанғыш заттарды қою қауіпті.
Розеткаға кедергісіз жол болу керек.
Тағы бір маңызды шарт: егер теледидар бұзылған болса - әсіресе ол шытырласа, жанған резеңкенің иісі шықса, кенет өшіп қалса – ол өзімен өзі кетеді деп үміттенбеңіз.
Тез теледидарды сөндіріп, шеберді шақырыңыз.Егер өрт пәтеріңіздің ішінде басталса, және сізде өрт сөндіргіш болмаса, қол астындағы тығыз матаны (сулы жақсырақ) және суды пайдалануға болады,жанған перделерді жұлып тастап, аяғымен басу немесе ваннаға тастап, су құю керек. Осылай көрпелерді, жастықтарды сөндіруге болады,терезелерді ашпаңыз, оттектің келуімен от одан да қатты жанады,сондықтан жанып жатқан бөлмені абайлап ашу керек – от өзіңізге қарсы лап етуі мүмкін.
Тоқ соғудан аман болу үшін, электр сымын сөндіру немесе су құю кезінде электрді сөндіріңіз. Пәтердегі өртті сөндірген соң, ештеңе бықсып жатпағанын тексеріңіз.
Бірнеше маңызды ескертпе: өртте адамдар оттан емес түтіннен өлетінін статистика көрсетеді. Кейде түтінді бірнеше рет жұту улануға жеткілікті. Сондықтан отты сөндіру кезінде барлық әдістермен түтіннен қорғаныңыз, ал егер ол мүмкін болмаса – жанған бөлменің және пәтердің есігін жауып, пәтерден шығыңыз.
Пәтерде ешкім қалмағанын біліп қана пәтерден шығыңыз. Әсіресе балаларды қарау керек: қорыққаннан олар шкафтардың ішінде, үстел, төсек астында, ванна, әжетхана бөлмелерінде тығылып, дауыс бермейді.
Түтінделген бөлмеде жылжығанда өзіңіздің үйіңізде де адасып қалуыңыз мүмкін – осы қауіпті есте сақтаңыз.
Сулы шүберектен демалыңыз.
Мүмкіндік болса - өкпеңізді газқағармен немесе респиратормен қорғаңыз,бірақ бөлмедегі оттектің мөлшері тез азаятынын ұмытпаңыз, газқағардан да есіңізден танып қалу мүмкін.
Түтінделген дәліздерден еңбектеп немесе жорғалап өтіңіз – төменде түтін азырақ болады. Артыңыздан есіктерді жауып жүріңіз. Адамдарды іздеуге арқанмен байланып шығыңыз, сізді біреу сақтандыру керек.
Көліктегі өрт;
Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да айтады, сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктердің жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлау болуы мүмкін.
Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді.
Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан, сонымен қатар осы жүйеге білікті қатынастың болмауынан басталады. Төгілген бензин бақытсыздыққа әкелген оқиғалар аз емес: кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті.
Өрт сөндірушілердің байқауы бойынша кей күндерде шетел көліктері ерекше жиі жанады. Кейбіреулер олардың біздің жолдарға икемделмегендігін кінәлайды (отын және электр жүйесі босайды), кейбіреулер отынның октан санын көбейтетін әр түрлі қоспаларды кінәлайды. Тағы бір түсіндірме бар - әдейі өртеу.
Көліктегі синтетикалық материалдар былай жанады: анықталған температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіруі өте қиын. Салонда өрт басталғанға дейін де адам көліктің ішінде бір жарым минуттан көп емес отыруға болады – бұл орташа мәліметтер.
Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін. Айтпақшы, жүру кезінде өрт нақ капоттың астынан басталады, бірақ темекі қалдығынан отырғыштардың жану оқиғалары белгілі.
Отты өрт сөндіргіштің газ немесе көбік ағысын жану ошағына және өрттің барлық алаңы бойынша бағыттап сөндіру керек. Тағы бір әдіс – біртіндеп кеңістікті ала отырып, оттың фронтын басу. Әрине, бірнеше өрт сөндіргішті қолданған тиімді, сонымен қатар кәдімгі өрт сөндіру құралдарының комбинациясы: құм, брезент, қар, су және т.б. Яғни мүмкіндік болса, өртті құю керек – сөндіру қарқындылығы өте маңызды. Осы уақытта өз қауіпсіздігіңізді де ұмытпаңыз – қолдарыңыз бензинде, киіміңіз оның буымен иісі сіңген болуы мүмкін.
Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны, аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады [1, 59 б.].
Гаражға мынандай шек қойылады:
- күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;
- гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;
- қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;
бөлшектерді керосинмен, бензинмен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;
- пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйым салынады.
Жол қозғалысы ережелерінде сөндірілген қозғалтқышпен ғана жанармай құюға болатыны ескертілмеген, бірақ бұл ережені әр жүргізуші біледі ал тәжірибелі нұсқаушы жүргізуші куәлігін алудың алдында бір аппаратта бензин мен электрсымның қосылуы өте қауіпті екенін түсіндіруді ұмытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |