Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Белоктарды бөлу жəне тазарту əдістері



Pdf көрінісі
бет13/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

2.2. Белоктарды бөлу жəне тазарту əдістері
Белоктардың құрылымы мен атқаратын қызметін зерттеу үшін 
биологиялық материалдардан белоктарды бөліп алу қажет. Алды-
мен биологиялық материалдарды (шикі затты) гомогенді күйге 
дейін ұсақтайды. Ұсақталған биологиялық материалда белок 
макромолекуласының жоғары құрылымын ұстап тұрған байла-
ныстар үзіледі, белок молекуласында гидрофобты, гидрофильді 
топтар саны өзгереді. Бұл белоктың ерігіштігіне əсерін тигізеді. 
Кейбір белоктар суда ериді, басқа біреулері тұздардың сұйық 
ерітіндісінде немесе су мен спирт қоспасында ериді. Тіпті еш-
қандай еріткіштерде де ерімейтін белоктар да бар. 
2–519


18
Ұсақталған белоктарды жасуша құрылымдарынан бөлу үшін 
гомогенизаторлар, кварц құмымен келіде ұнтақтау (бұл жануар-
лар жасушалары үшін), ультрадыбыс, шарлы диірмендер (өсімдік 
жасушалары үшін) қолданылады. Жасуша құрылымдарынан 
тазартылған белокты диализ əдісін қолданып, бос жүрген кіші 
молекулалардан тазартады. Белоктарды диализдегенде молеку-
лалар мен иондар жартылай өткізгіш мембрана арқылы оңай 
өтіп, еріткішке көшеді. Ал коллоидты бөлшектер мөлшері үлкен 
болғандықтан, жартылай өткізгіш мембрана арқылы өтпейді. 
Еріткішті жиі-жиі ауыстыру арқылы белоктың коллоидты ері-
тіндісін бөгде заттардан осылайша тазартады.
Белокты тұнбаға түсіріп шөктіру үшін көбінесе аммоний 
сульфаты тұзының концентрлі ерітіндісі, сілтілік металдардың 
жəне ауыр металдардың тұздары (мыс, сынап, қорғасын, күміс, 
т.б.) қышқылдар мен гидроксид, спирт ерітінділері (метанол, бу-
танол т.б.) қолданылады. Алынған белоктар қоспасын жеке дара 
белоктарға немесе фракцияларға бөледі. Түрлі фракцияға бөлуді 
хроматографиялық əдіс көмегімен жүргізеді. Хроматография-
лық əдістің түрлі модификациялары қолданылады: адсорбция-
лы, газды, сұйықтықты, гельді, капилярлы, ион алмасу жəне т.б. 
Сонымен қатар, биохимияда ғылыми зерттеулердің мүмкіндігін 
арттыруға ерекше үлес қосқан рентген-құрылымдық анализ, элек-
тронды микроскопия, таңбаланған атомдар əдісі, инфрақызыл 
жəне ультракүлгін анализ, электрофорез, молекулярлы елек əдісі, 
масс спектрометрия, ультрацентрифуганы пайдалану, магнитті-
оптикалық айналудағы дисперсиялық əдістер, электронды пара-
магнитті резонанс, ядролық магнитті резонанс жəне т.б. əдістерде 
қолданылады.
Қазіргі кезде бірқатар автоматты биохимиялық анализатор-
лар, лабораториялар құрылып жұмыс істеуде. Осындай автоматты 
жүйелер анализін басқаруда жəне алынған хабарларды өңдеуде 
ЭЕМ қолданылады. 
Белок молекуласы өте сезімтал, əртүрлі жағдайлардың (қыш-
қылдың, сілтінің, органикалық еріткіштердің, температураның) 
əсерінен өзінің табиғи қасиетін жоғалтып, денатурацияға түседі, 
сондықтан да белокты бөліп алу төменгі температурада (+4
0



19
жүргізіледі. Алынған белок ерітіндісінде жеке белок емес, белок-
тар қоспасы болады.
Жеке белокты бөліп алу үшін əртүрлі əдістер қолданылады, 
əдістерді таңдап пайдалану тəжірибелік жолмен алға қойылған 
мақсатқа сəйкес, ең алдымен, бөліп алынатын белоктың физи-
калық жəне химиялық қасиеттеріне байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет