120
Рибоза мен дезоксирибоза нуклеин қышқылдарының құрамына
кіретін көмірсулар. Кейбір фагтардан, рак жасушаларының кейбір
түрлерінен бөлінген ДНҚ-да глюкоза табылған.
Нуклеин қышқылдарын гидролиздеп, өнімдерін зерттеу ба-
рысында маңызды тұжырым жасалды. Əртүрлі биологиялық
объектілерден бөлінген нуклеин қышқылдарының құрамы
бірдей еместігі анықталды. Бұл алғаш рет бұзаудың бұғақ
безінен (тимонуклеин қышқылы) жəне ашытқыдан (ашытқы ну-
клеин қышқылы) бөлінген нуклеин қьшқылдарының құрамын
салыстырғанда анықталды. Нуклеин қышқылдарының құрамына
кіретін көмірсулардың сипатына қарай олардың біреуі – де-
зоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), екіншісі – рибонуклеин
қышқылы (РНҚ) деп аталды. ДНҚ мен РНҚ арасында химиялық
құрамы жағынан басқа да ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар
(23-кесте).
Азот негіздері рибоза немесе дезоксирибозамен қосылып, ну-
клеозид түзеді (24-кесте).
Аденин + Рибоза
Аденозин
Тимин + Дезоксирибоза
Дезокситимидин
Урацил + Рибоза
Уридин
Цитозин + Дезоксирибоза
Дезоксицитидин
Достарыңызбен бөлісу: