112
маңызды қызмет атқарады. U витамині гистаминнің улы əсерін
залалсыздандырады жəне ауырғанды басатын қасиеті бар.
U витаминінің зат алмасуға əсер ету механизмі əлі белгісіз,
бірақ ол қарынның жəне бүйеннің
жарасына, гастритке қарсы
табысты қолданылып жүр. U витамині капуста шырынында,
көкөністерде кездеседі.
Жараларды емдеу кезінде қолданылатын бір күндік
мөлшері
250-300 мг.
Антивитаминдер.
Жасушаның витаминмен қоректенуіне əр-
түрлі əдістермен бөгет жасайтын заттарды – антивитаминдер деп
атайды. Оларды екі топқа бөледі:
1. витамин молекулаларын бұзатын немесе оларды активсіз-
дендіретін,
яғни инактивтендіретін заттар;
2. витаминдердің структурасына ұқсас жəне оларды биоло-
гиялық активтік заттардан ығыстырып, активсіздендіретін заттар.
Мысалы, К антивитаминіне гепарин мен дикумарин жатады.
Олар протромбиннің тромбинге
айналуына бөгет жасайды, соны-
мен бірге қан айналу процесін баяулатады.
Достарыңызбен бөлісу: