109
P витамині аскорбин қышқылының əсерін күшейтеді. Ол
тотығу-тотықсыздану реакцияларында
сутегі атомдарын алма-
стыратын ауыстырушы болып табылады. P витамині аскорбин
қышқылымен өзара əрекеттесу арқылы
жалғастырушы ұлпада
коллагеннің түзілуін реттейді,
сөйтіп қан тамырларының қан
өткізгіштігін бəсеңдетеді.
Құрқұлақ ауруы, сірə, С витамині мен P витамині екеуі ұзақ
уақыт бойы жетіспеген кезде байқалатын
аралас авитаминоз бо-
луы керек.
Аскорбин қышқылы кездесетін барлық өсімдік өнімдерінде
P витаминi де кездеседі. Сол сияқты
ол шай жапырақтарында
(қатехиндер), қара жемісті шетенде, лимонда, қарақұмықта
болады.
Достарыңызбен бөлісу: