5.2. ДНҚ жəне РНҚ түрлері
ДНҚ-ның молекулалық массасын негізінен гидродинамика-
лық жəне электронды-микроскопиялық əдістермен анықтайды,
бірақ оны ДНҚ ерітіндісінің сəуле сіңіруін өлшеп жəне басқа
əдістермен анықтауға да болады.
ДНҚ-ның молеқулалық массасын оның ерітіндісін ультра-
центрифугалау арқылы анықтағанда гидродинамикалық əдістің
негізі ДНҚ-ның седиментация константасы мен молекулалық
массаның арасында сызықтық тəуелділік болады, оны калибрлік
қисық сызық немесе формула арқылы анықтауға болады.
0,445 lgМ = 1,819 + lg (S°20,w – 2,7)
мұнда S°20, w – седиментация константасы. ДНҚ-ның молекула-
лық массасын электронды-микроскопиялық əдіспен анықтау
ДНҚ-ның созылған молекуласының ұзындығын өлшеуге не-
гізделген. Оның молекуласының 0,1 нм ұзындығына 197 Дальтон-
ға тең масса келетіні белгілі. Бұл мөлшерді ДНҚ молекула-
сының тəжірибе арқылы алынған ұзындығына көбейтіп, моле-
кулалық массасын табады.
Эукариот жасушаларынан нативті ДНҚ-ны бөліп алу өте
қиын, себебі ДНҚ-ның бөлініп алынған молекулаларын үзіліп
кетуден сақтайтын арнайы əдістер əлі табылған жоқ.
Сондықтан да вирустар мен фагтардың ДНҚ-лары үшін ғана
нақтылы сандар алынған (25-кесте), себебі одан белок қабатын
абайлап алып, ДНҚ бөліп алған оңайлау.
|