125
терминанттарында өзінше репликациаланатын эписомалардағы
ДНҚ мөлшері осындай арақатынаста.
Жасушадағы ДНҚ-дан
басқа вирустар мен фагтардың құрамына кіретін ДНҚ-лар да
бар. Вирустар мен фагтар бөлшектеріндегі
оның саны бактерия
жасушаларындағыдан едəуір төмен (пикограмманың мыңнан бір
бөлігі жəне одан да аз).
РНҚ-ның молекулалық массасын
ДНҚ-ның молекулалық
мас
сасын анықтайтын əдіспен табады. Ол үшін электрофорез
əдісін қолдануға да болады. Полиакриламид
геліндегі жолының
ұзындығы олардың молекулалық массасына кері пропорционал.
Ал РНҚ-ның жасушаларындағы мөлшері жəне шоғырлануын
алсақ, ол біртектілігімен де, тұрақтылығымен де ерекшеленбейді:
белоктардың биосинтезі белсенді жүріп
жатқан жасушаларда РНҚ
мөлшері ДНҚ-ға қарағанда бірнеше есе көп (мысалы, тышқанның
бауырында ДНҚ-ға қарағанда РНҚ 4 есе көп),
бірақ белок синтезі
аз жерде ДНҚ мен РНҚ-ның арақатынасы керісінше болады (мы-
салы, тышқан өкпесінде ДНҚ-ға қарағанда РНҚ 2 есе аз).
Функционалдық маңызы мен молекулалық массасы бойын-
ша, сондай-ақ жасушадағы шоғырлануы
бойынша РНҚ мынадай
түрлерге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: