124
Вирус жəне фагалық ДНҚ-лардың молекулалық массалары
25-кесте
Зерттелген зат
Молекулалық массасы, млн. Дальтон
Гидродина-
микалық əдіс
Электрондық
микроскоптық əдіс
Бактериофаг fd
1,9
-
Полиома вирусы
-
3,2
Аденовирус
21
24
Бактериофаг Т7
23-28
22-28
Бактериофаг Т5
66
67
Бактериофаг Т2
123
105-119
Бактериофаг Т4
111-131
116-152
25-кестеден көріп отырғанымыздай, вирус жəне фагтардың
ДНҚ-ның молекулалық массалары ондаған жəне жүздеген мил-
лион Дальтонмен өлшенеді. Ал эукариот ДНҚ-ларының мо-
ле кулалық массалары одан да жоғары. Жеміс шырыны дро-
зофиланың ең үлкен хромосомасынан өте сақтықпен алынған
ДНҚ-ның молекулалық массасы бұған дəлел.
Белгілі бір түрдің ағза жасушаларындағы ДНҚ мөлшері
өте тұрақты, ал бұл көрсеткіш бойынша тұраралық айырмашы-
лығы біршама жоғары. Жасушадағы ДНҚ саны пикограммен
өлшенеді, ол ішек таяқшасында 0,01 пг болса, жоғары сатыдағы
гаплоидтық ағза жасушасында бірнеше пикограмға дейінгі
аралықта өзгеріп отырады.
ДНҚ жасушадағы жинақталатын орнына байланысты - яд-
ролық, митохондриялық, хлоропластық, центриолдық жəне эпи-
сомалық ДНҚ болып бөлінеді. Эукариоттардағы ядролық ДНҚ
басқа субжасушалық құрылымдардың ДНҚ-на қарағанда өте
басым. Мысалы, митохондрияда 0,5·10
-16
– 5·10
-16
г аралығында
ДНҚ, хлорпластарда 10
-16
–150·10
-16
г аралығында, ал центриол-
дарда 2·10
-16
г ДНҚ ұсталатын болса, бұлар ядролық ДНҚ-ның
бірнеше пайызын ғана құрайды. Бактериялық хромосомадағы
жəне хромосомадан тысқары, генетикалық ақпараттың ауысуын
қамтамасыз ететін микроағзалардың
Достарыңызбен бөлісу: |