Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі



бет18/237
Дата06.02.2022
өлшемі9,17 Mb.
#36785
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   237
Литература

  1. Задорнова В. Я. Восприятие и интерпретация художественного текста. – М.: Наука.,1984.

  2. Кухаренко А. В. Интерпретация текста. - М.: Просвещение,1990.

  3. Лотман. Ю. М. Структура художественного текста. - М.Наука.,1991.

  4. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. - М.: Наука, 1987.



Мемлекеттiк тiлдi дамытудың саяси-құқықтық , әлеуметтік және психолингвистикалық аспектілері

Досжан Г. А.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан)


В этой статье всесторонне анализированы политико-правовые, социальные и психолингвистические аспекты развития казахского языка как государственного языка. Автор дает рекомендаций по развитию государственного языка в национально-языковой политике в сравнении с международным опытем.
In this article the political-law, social and psycholinguistic aspects of the Kazakh language’s development as a state language are widely analyzed. We give the recommendations for developing the state language in national-language policy and comparison with the international experience has been is made.

Тілдің негізін құрайтын сөз белгілі бір мағына беріп, ақпарат жеткізіп қана қоймай, ұлттық сананың қалыптасуына әсер ететіні белгілі. Мәселен, Қазақстанда дүниеге келген қазақ азаматы мен Еуропада немесе Америка Құрама Штаттарында өмір сүретін қазақтың ой-санасы мен дүниетанымы, ұлттық болмысы, этнопсихологиясы екі түрлі болып табылады. Бұған басты себеп, олардың қазақ тілін игеру мүмкіндіктерінің екі түрлі болуы. Еуропадағы бір елде, мәселен, Ұлыбританияда тұратын қазақтың тілі ағылшын тілімен ассимилияцияға түсіп, ағылшындық акцентке негізделсе, Қазақстанда өмір сүретін кейбір қазақтың тілі орыстық акцентке жақын болып келеді. Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұратын қазақтар таза қазақша сөйлеуге бейім болса, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Павлодар облыстарында орысша сөйлейтін қазақтар көптеп кездеседі. Ал Алматы, Астана қалаларындағы қазақтар негізінен қостілді, яғни қазақ және орыс тілдерінде сөйлеуге бейім. Астана мен Алматы қалаларында қазақ азаматтарының көпшілігінің қазақша біліп тұрса да, бейтаныс не таныс адаммен қоғамдық орындарда орысша ақпарат сұрауы не сөйлесуі жиілеп келеді. Бұл соңғы кезде қарқын алып отырған тенденция болғанымен, оның психолингвистикалық және саяси-әлеуметтік себептері де жоқ емес. Күнделікті өмірде орыс тілінің басымдыққа ие болуы, орыстілді ақпараттың көбеюі мен қызмет көрсету саласы өкілдерінің негізінен орысша сөйлеуі қазақтілді қазақтардың да еріксіз орысша сөйлеуіне жағдай туғызып отыр. Тілдік кеңістіктегі бұл құбылыс күшейе берсе, онда қазақтілді қазақтар да орысша сөйлеп, қазақ тілінің тілдік ортасы тарылып кетуі мүмкін. Тіпті бұл осылай болып та келеді. Бұл жағдайды түзеу үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік тіл саясатын күшейту керек. Мемлекет қазақтілді ақпарат құралдарын көбейту, қазақ тіліндегі мектептер мен бала-бақша санын арттыру, мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік тілді білуді міндеттеу, қызмет көрсету саласында азаматтардың қазақ тілінде сөйлеуін талап ету секілді іс-шараларды көбейтіп, пәрменді тіл саясатын жүргізбейінше, қазіргі қазақ тіліне төніп отырған қауіп-қатерді сейілту жыл өткен сайын қиындай бермек.


«Неге өз Отаны Қазақстанда тұратын қазақтың тілі орыс тілінің ықпалында келеді?» деген сауалға жауап беріп көрсек. Біріншіден, қазақтың ғасырлар бойы Ресейге отар болуы; екіншіден, тәуелсіздік алғалы бері қазақ-орыс қостілділігінің құқықтық тұрғыдан заңдастырылуы. Мәселен, ҚР Конституциясының 7-бабының 2-тармақшасы мен «Тіл туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Үшіншіден, кеңестік аралас білім беру жүйесінің әлі де болса азаймауы, осының салдарынан мүлдем қазақ тілін білмейтін не шала білетін қазақ азаматтарының қатары көбеймесе, азаймай отыр. Төртіншіден, Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі ресейлік БАҚ-тың көптігі мен Интернеттегі орыс немесе ағылшын тіліндегі сайттардың көптігінен таза қазақ тілді ақпарат алу мүмкінідігін аздығы. Ал таза лингвистикалық себепке келер болсақ, қазақ тіліндегі шетел кірме сөздерінің көбеюі және олардың орыс және шетел тілінің орфографиясымен қабылданып, жазылуы. Социолингвистикалық фактор бойынша қазақ тілінің тілдік ортасының әр аймақта әр түрлі болуы, әсіресе солтүстік өңірлерде орыс тілінің басым түсуі. Қалалық қазақтар санасында орысша ақпарат сұрау психологиясының үдеп кетуі. Міне, осындай саяси, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, лингвистикалық факторларға байланысты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, қоғамдық-коммуникациялық басымдығы іске аспай отыр.
1990 жылдардан бастап тәуелсіздікке ие болған көптеген посткеңестік елдер өз ана тілдерін дамытуға барынша жағдай жасауда. Соның нәтижесінде Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Эстония, Латвия, Литва, Молдова, Украина сияқты елдердің мемлекеттік тіл туралы арнайы заңдары қабылданып, бірқатарында орыс тілінің ресми және ұлтаралық қатынас тілі функциясы заң жүзінде алынып тасталды. Осы елдердің көбісі өз ұлттық жазуларының графикалық негізін кириллицадан латын графикасына көшірді. Орыс тіліндегі білім ошақтары мен ақпарат құралдарының санын азайтып, мемлекеттік тілдегі ақпарат, кино, теле, баспа өнімдерінің өндірісін жолға қою арқылы өз ана тілдерінің қолданыс аясын кеңейтіп отыр. Бұл елдерде жергілікті ұлтпен қатар, өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білуі міндет болып табылады.
Жаһандану процесінің күшейіп, әлемдік интеграцияның қарқын алуы дүние жүзіндегі тілдік кеңістіктердің өзгеруіне, әлемдік тілдердің өзге тілдердің ареалын қысқартуға алып келуде. Дүние жүзінде қытай, ағылшын, француз, неміс, жапон, корей, түрік тілдерін оқыту курстары көптеп ашылуда. Қазақтанның көптеген жоғары оқу орындары мен тіл оқыту агенттіктерде аталған тілдер қарқынды оқытылуда. Бір өкініштісі, қазақ тілін білмейтіндердің көбісі осы тілдерді үйренуге қаржы аямай, кірісуде. Өйткені, еліміздегі көптеген шетелдік немесе халықаралық компанияларда мемлекеттік қазақ тілінен гөрі осы тілдерге деген сұраныс жоғары. Айталық, Ақтөбе, Атырау, Ақтау секілді мұнай-химия өндірісі дамыған өңірлерде жұмыс істейтін қазақтандық - шетелдік бірлескен компанияларда жұмыс істеу үшін ағылшын, қытай, француз, неміс тілдерін білу міндетті. Ал қазақ тілін білу міндеттелмейді. Осылайша қазақ тілі өзінің табиғи ареалында ығыстырылуда.
Біздіңше, Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту үшін ұлттық тіл саясатында мынадай шаралар қолға алынуы керек:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл туралы» Заңын қабылдау және осы Заңға сәйкес барлық заңдарға мемлекеттік тілді қолдану туралы нормаларды қосу, «Тіл туралы» Заңға өзгерістер енгізу;
- қазақ ұлттық жазуының негізін кириллицадан әлем халқының басым бөлігі пайдаланатын латын графикасына көшіру;
- Қазақстандағы шетелдік ақпарат құралдарының санын азайтып, қазақ тіліндегі телеарналар мен Интернет сайттарын көбейтуге мемлекеттік қолдау көрсету;
- Қазақ тілінде көркем, деректі фильмдер мен мультфилмдер түсіру және шетелдік фильмдерді қазақшаға аудару ісін жолға қою;
- Қазақ тіліндегі баспа өнімдерін көбейту, сол арқылы қазақтілді оқырманды көбейту;
- Меншік түріне қарамастан барлық мекемелердің іс - қағаздарының қазақша жүргізілуін талап ету және оған жүйелі қадағалау мен мониторинг жүргізу;
- Мектепке дейінгі, орта, орта арнаулы, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің барлығында қазақ тілін оқыту, орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінің сағатын арттыру;
- Ономастикалық, көрнекі ақпарат саласында атаулар мен ақпараттарды тек мемлекеттік тілде жазу үрдісін қолдану;
- Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың барлығында азаматтарға қазақша жауап беру, қазақша сөйлеу, қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді заңмен талап ету;
Шетелдік бірлескен компаниялар мен ұлттық компания, холдингтерде қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу, қазақша білуді талап ету керек.
- Қазақстанда тұрғысы келетін шетелдік азаматтарға алдымен қазақ тілін үйрену курсынан өтіп, мемлекеттік тілді белгілі бір дәрежеде меңгерген жағдайда ғана рұқсат беру, азаматтық алғысы келетін шетелдіктерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу. Бұл - әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Мәселен, мұндай талап Еуропаның бірқатар елдерінде, Түркияда қолданылады. Ресей де осы талапты заңға енгізу арқылы, орыс ұлттық сәйкестілігін сақтап қалуды көздеп отыр. Бұл үрдісті қолданбасақ, Қазақтандағы онсыз да орыс тілінен аса алмай тұрған қазақ тілінің дамуына ерте ме, кеш пе, қауіп төнері анық.
Қорыта айтқанда, Қазақстандағы қазақ тілінің даму жағдайы өз дәрежесінде емес. Оны дамыту үшін жоғарыда аталған шараларды мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Бұл істе Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар халыққа өздері үлгі көрсетіп, 100 пайыз қазақша сөйлеуді және қазақша іс қағаздарын жүргізуді қолға алу керек. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауда еліміздегі өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қолға алса игі. ҚР «Тіл туралы» Заңының 4-бабындағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деген нормадағы «парыз» деген сөзді «міндеті» деп алмайынша және соған сәйкес тіл саясатын жүргізбейінше тілдік ахуалды түбегейлі өзгерту мүмкін емес. Бұл, қазақ тілін үйретуде азаматтарға қысым көрсету емес, керісінше мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізгі символы - мемлекеттік тілді меңгеруге жағдай жасау болып табылатынын баршамыз дұрыс ұққанымыз жөн.


Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамыз.

  2. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» ҚР Заңы. 1997 жылғы 11 шілде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет