Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту


Инклюзивті білім беру дегеніміз - қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы



бет4/4
Дата24.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#104776
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту
00060581-a2b37f15, ОШ СОр Физика 7кл каз , Мінездеме оқушыға, сыныпқа, Данелқан А
Инклюзивті білім беру дегеніміз - қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы.
  • Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар үлесі жалпы балалар санының 19,1% құрайды.
  • Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына енгізуге жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда.Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО-да оқу-тәрбие үдерісіне мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіру мәселелері төмен деңгейде.
    • Кіріктіре оқытуды білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне толықтай енгізу дамуында ауытқуы бар бала үшін оның дене және психологиялық даму деңгейі жас шамасына сәйкес немесе жақын болғанда ғана тиімді екендігі ғылыми зерттеу жұмыстары барысында байқалды.Бірақ ол зерде дамуында бұзылыстары бар балаларға тиімсіз екендігін атап өткен жөн.Осы жөнінде айтатын болсақ, оларды білім беру ұйымдарында біріктіріп,бос уақыттарында мектептен тыс түрлі іс-шараларға қатысуға ынталандыру міндетті болуы керек.
    • Бүгінгі күні республикамыздағы арнайы ұйымдар жүйесінде 63 түзету және инклюзивті білім беру кабинеті, 129 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 20 оңалту орталығы және 479 логопедиялық пункт қызметтерін жүзеге асыруда.
    • 2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерді «кедергісіз аумақтар»(пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, медициналық құрал-жабдықтар т.б.) жасалды.2011 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектеп үлесі 18,9% болды.
    • Республикамызда 2002 жылдан бастап дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер жасалып, қазақстандық басылымдарды шығару жұмыстары жүргізілуде.
    • Мұндай мекемеде жұмыс жасайтын педагогтар түзету педагогикасы, арнайы психология негіздерін,дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін,осы балалара арналан білім беру және оңалту үдерістерін ұйымдастыру технологиялары мен әдістемелерін білуі қажет.
    • Дефектолог-мамандарды дайындау Абай атындағы ҚазақҰлттық педагогикалық университетінің арнайы педагогика кафедрасында дефектология ғылымының бакалавр, академиялық дәрежесі мен біліктілігін беру мақсатында жүзеге асырылады.
    • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде төмендегі мамандықтар бойынша мамандар дайындалады:олигофренопедагогика және логопедия.Сонымен қатар ЖОО-да дефектология мамандығы бойынша мамандар дайындау Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Өскемен қалаларындағы педагогикалық жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырылады.
    • 2011 жылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды біріктіріп,оқыту мәселелері бойынша мамандардың біліктілігін көтеру мақсатында төмендегі тақырыптар бойынша 2 курс өткізілді: «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу»; «Ақпараттық және білім беру ресурстарына кедергісіз қол жеткізу шарты ретінде үй жағдайында оқитын мүгедек балалардың жұмысорындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету».
    • 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іс жүзіне асырудың басты тұғырлары тек инклюзивті білім беру жүйесін жемісті дамыту ғана емес,сонымен қатар жоспарланған барлық бағдарламалық іс-шараларды жүзеге асыруға сенімділік тудыртады.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет