2.23 «Жоғары технологиялық өндірісте ғылыми әзірлемелердің талап етілуі» бастамасы. Жобаларды іске асыру кезінде ғылымның өңірлік өнеркәсіп алыптарымен және жүйе құраушы кәсіпорындармен өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі жұмыс жалғасады.
Бірлесіп қаржыландыру қағидаттарында гранттарды іске асыру өндірістік консорциумдар санының артуы есебінен жүзеге асырылатын болады.
2.24 «Ғылымның бизнес-процестерін цифрландыру» бастамасы.Мемлекеттік қолдау шараларын, жобалар мен бағдарламаларды, олардың орындаушылары мен нәтижелерін, ғылыми инфрақұрылым, материалдық-техникалық база туралы ақпаратты қоса алғанда, өзекті ғылыми-техникалық ақпаратты қамтуды көздейтін ғылым жөніндегі ұлттық ақпараттық жүйе енгізілетін болады. Жүйе ғылыми салалар, өңірлер, мекемелер бөлінісінде ғылымның дамуын онлайн-талдауды және ғылымның дамуын болжамдауды; авторлық құқықтарды сақтай отырып, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне және диссертацияларға онлайн-қолжетімділік ұсынуды; нақты уақыт режимінде ғылыми-техникалық дамудың есептерін, статистикасын, талдауын және басқа көрсеткіштерін онлайн-генерациялауды; гранттық және нысаналы бағдарламалық қаржыландыруға өтінімдер беруді толық автоматтандыруды; ғылыми-техникалық сараптаманы автоматтандыруды; нақты уақыт режимінде ұлттық R&D-жобаларды басқаруды; ғылыми-техникалық ақпарат жүйесінің мобильді көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етеді.
Күтілетін нәтижелер Инновациялық және ғылымды қажет ететін даму бастамаларын іске асыру қосымша құн жасау мен экономикадағы шығасыларды қысқартудың елеулі әлеуетіне ие, бұл 2025 жылдан бастап елдің ЖІӨ-нің жылына 4,5-5% деңгейінде өсу қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл ретте
1,7-2,2% өсуге цифрландыру есебінен қол жеткізілетін болады.
ҒЗТКЖ шығындары бұл ретте ЖІӨ-нің 1%-на дейін артады.
Бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижесі 2022 жылға қарай Қазақстанның халықаралық цифрландыру индексіндегі (БҰҰ АКТ даму индексі) отыз елдің қатарына және 2025 жылға қарай алғашқы 25 елдің қатарына кіруін жеделдетеді.