Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту» міндеті



бет38/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

«Ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту» міндеті
Қазіргі бар ғылыми зерттеулер жүйесі технологиялық жаңғыртуды белсенді қолдауға қайта бағдарланатын болады.
Мемлекет ғылыми-зерттеу жобаларына, ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметтің (бұдан әрі – ҒҒТҚН) нәтижелерін коммерцияландыруға гранттар беру кезінде бірлесіп қаржыландыру тетігі арқылы ғылымды өндіріспен байланысқа бағдарлайды.
2.19 «Адами капиталға басты назар аудару және жас ғалымдарды қолдау» бастамасы. Жас ғалымдарды қолдау гранттық қаржыландыру үшін өткізілетін конкурстар шеңберінде, сондай-ақ тікелей ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар ішінде жүзеге асырылады. Барлық кезеңдерде жас ғалымдарды белсенді қолдау PhD-ге және тағылымдамаларға гранттар санын ұлғайту, жас ғалымдар топтары үшін ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыру үшін шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылады.
Жастарды ғылымға белсенді тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығы құрылады, ал ғылымды жалпыға танымал ету және жас ғалымдар санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіледі,
ғылыми-танымал журналдар шығарылады және ғалым мамандығы имиджін барынша насихаттау жүзеге асырылады.
2.20 «Қазақстандық ғылымды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялау. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді кезең-кезеңімен ағылшын тіліне көшіру» бастамасы. Қазақстандық ғалымдардың Қазақстан үшін маңызы бар халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу пайызы артады. Міндетті түрде қазақ және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары бар 3-4 ғылыми-танымал бұқаралық журналды немесе интернет-басылымдарды дамыту арқылы отандық ғылымды әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау бойынша жұмыс жалғасады. Кемінде 1-2 қазақстандық ғылыми журнал, оның ішінде ағылшын тілінде басылып шығатын болады және оны ең ірі ғылыми базалар индекстейтін болады.
Қазақстан ғылымын халықаралық интеграциялау:
Helmholtz Association (Германия), Вашингтондағы Карнеги институты, Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) ұйымдары сияқты халықаралық жобаларға қатысушы мәртебесін алу;
ірі халықаралық компаниялармен ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;
Scopus, Elsevier, Euromonitor сияқты халықаралық деректер базаларына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Ислам елдері ұйымының ғылыми қорын дамыту;
жас ғалымдарды оқыту және Қытай ұлттық жаратылыстану ғылымдары қорының, Еуропалық одақтың ғылыми орталықтарының жобаларына қатыстыру есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан халықаралық ғылыми ұйымдардың барынша көп
штаб-пәтерлерін тартатын өңірлік ғылыми хабқа айналуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет