Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Цифрлық құзыреті бар адамдарды дамыту» міндеті



бет35/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

«Цифрлық құзыреті бар адамдарды дамыту» міндеті
Цифрландыруды тарату үшін экономиканы кадрлармен, мамандармен де, сол сияқты басқарушылармен де қамтамасыз ету қажет. Қажетті дағдылар мен құзыреттерді жедел дамыту үшін бастапқы мамандардың елеулі бөлігін даярлау шетелдегі, сол сияқты Қазақстан аумағындағы халықаралық орталықтар мен ұйымдарда жүргізілетін болады.
Азаматтарға цифрлық технологияның артықшылықтарын түсіндіріп, оларды күнделікті өмірде қолдануға үйрете отырып, халық тарапынан оларға деген сұранысты қамтамасыз ету маңызды, бұл цифрлық өнімдер мен шешімдерге сұранысты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
2.14 «Экономика салаларын АКТ саласындағы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету» бастамасы. Бүгінгі таңдағы аса маңызды міндеттердің бірі «үлкен деректер», жасанды интеллект саласында білімі бар, экономиканың нақты салалары үшін АКТ саласында мамандар даярлау болып табылады.
Колледждер мен жоғары оқу орындары ірі кәсіпорындармен әріптестікте шетелдік жоғары оқу орындары мен трансұлттық компанияларды тарта отырып, ІТ-мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. Сонымен қатар осы мамандықтар бойынша талапкерлерге гранттар санын ұлғайту көзделіп отыр.
2.15 «Азаматтардың цифрлық технологияларды қолдануын ынталандыру» бастамасы. Халықтың барлық топтарын бастауыштан бастап кәсіби білім беруге дейінгі білім берудің барлық кезеңдерінде базалық және практикалық цифрлық дағдыларға, мемлекеттік көрсетілетін және өзге де қызметтерді электрондық форматта алуға оқыту процесі ұйымдастырылатын болады. Цифрлық сауаттылығы мен өнімділігін арттыру мақсатында ШОБ өкілдеріне ерекше назар аударылатын болады; олар үшін жеңілдік шарттарымен АКТ көрсетілетін қызметтердің базалық топтамасының құрамы айқындалатын болады. Бұл бастама күнделікті және кәсіби өмірде цифрлық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолданатын цифрлық және жасампаз қоғам құру үшін бағдар болады.


«Инновацияларды ынталандыру» міндеті
Технологияларды ұзақ мерзімді дамыту үшін қазақстандық компаниялар шетелден жаңа шешімдер мен мамандарды импорттап қана қоймай, сонымен қатар өздерінің технологиялық әзірлемелерін, оның ішінде әлемге танымал шешімдерді ел нарығының ерекшеліктеріне бейімдеуге бағытталған технологиялық әзірлемелерін жасаулары қажет. Бұл үшін жаңа және цифрлық технологияларды оңайлату әрі оларға салынатын инвестицияларды неғұрлым тартымды ету мақсатында инновацияларды коммерцияландырудың толыққанды инновациялық экожүйесі мен кәсіпорындардың инновациялық қызметке қатысуын ынталандыру қажет. Бұл міндетті іске асырудағы маңызды нәтижелердің бірі ел аумағында технологиялық стартаптардың танымалдығын әрі санын арттыру болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет