«Жеке бизнестің өсуін ынталандыру» басымдығы
Экономика өсуінің жаңа моделі шеңберінде елде бизнес жүргізу жағдайларын одан әрі жақсарту, қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру қажет.
«Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту» міндеті
Міндет шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау есебінен бизнестің өсуі үшін жағдай жасау және оны жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
3.9 «Бизнеске қызмет көрсету және қолдау бойынша «бір терезе құру» бастамасы. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуін жеңілдету үшін мемлекеттік дерекқорлармен және ақпараттық жүйелермен интеграцияланған және «бір терезе» қағидаты бойынша электрондық форматта мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынатын цифрлық платформа құрылады.
Бизнеске көрсетілетін рұқсат беру және әкімшілік сипатындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер «электрондық үкімет» веб-порталы мен жылжымалы желісінің абоненттік құрылғысының көмегімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін болады.
Бизнеске даму институттары көрсететін қызметтер де бір электрондық ресурста толық жүйелендіріліп, ретке келтірілетін болады.
3.10 «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шараларымен кеңейту» бастамасы. Кәсіпкерлік әлеуетті, құзыреттілікті арттыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында кәсіпкерлерді сервистік қолдау шаралары кеңейтіліп бизнесті қаржылық емес қолдау құралдары жетілдірілетін болады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде оқыту бағдарламаларына қатысушыларға, оларды іріктеу рәсіміне, басшылық пен тәлімгерлік деңгейіне мониторинг жүргізіледі, бұл бағдарламаның негізгі кемшіліктері мен ақтаңдақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін квоталар кеңейтіледі.
Құзырет орталықтарына айналатын кәсіпкерлерді қолдау орталықтары бизнесті қолдау мен дамытудың барлық қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары бойынша толық ақпарат береді, бизнес-жаттықтырушыларды тарта отырып, консультациялар мен білім беру бағдарламаларын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |