Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Функцияларды беру және реттеуді оңтайландыру» міндеті



бет44/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

«Функцияларды беру және реттеуді оңтайландыру» міндеті
Мемлекеттің функцияларын бәсекелі ортаға беру салалардағы жұмысты неғұрлым тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады, сондай-ақ жеке сектордың дамуына ықпал етеді.
Реттеу, атап айтқанда, бақылау-қадағалау функциялары ыңғайлы болуы және жеке сектордың жұмысын жеңілдету үшін барынша оңайлатылған, ашық және болжамды болады.
3.5 «Функцияларды мемлекеттен бәсекелі ортаға беру» бастамасы. Мемлекеттің жекелеген функцияларын бәсекелі ортаға, оның ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жүзеге асырылатын болады. Бәсекелі ортаға беруге жататын мемлекеттік органдардың функцияларын іріктеу Мемлекеттік функциялар тізілімі және оның жыл сайынғы кадастрын жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Стратегиялық функцияларды, ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiн қозғайтын функцияларды және беруге жатпайтын басқа да функцияларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың реттеу және іске асыру функцияларын бәсекелі ортаға беру қаралуда. Беру туралы шешім нарықтардың дайындығын объективті және тәуелсіз талдау нәтижелері бойынша ғана қабылданады. Тиісінше орындалмаған жағдайда функцияларды мемлекетке қайтару тетігі белгіленетін болады.
Алғашқы толқын шеңберінде, өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарды бақылау функцияларын мемлекеттiк органға бекіте отырып, экологиялық аудит пен бағалау қызметі саласындағы бірқатар функциялар өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берілетін болады. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар бойынша функцияларды іске асыру көзделуде.
Бұл бастама сонымен қатар жекешелендіру, аутсорсинг және өзге де тетіктер негізінде квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бірқатар көрсетілетін қызметтерін жеке секторға беру бойынша шаралар қабылдауды көздейді. Бұл ретте стандарттау және регламенттеу мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын, халыққа және бизнеске қатысты жекелеген сақталған функциялар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жатқызылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет