3.6 «Квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерге қатысты рұқсат беру жүйесін жетілдіру» бастамасы. Квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілерінің тарапынан олар көрсететін қызметтерге қатысты рұқсат беруші реттеуді кезең-кезеңімен реформалау жүргізілетін болады. Квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері рұқсат беру нормаларын белгілеу мүмкіндігіне қатысты көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі бекітіледі, сондай-ақ салалық заңнамада оларды берудің бірыңғай ашық рәсімдері, қағидалары мен біліктілік талаптары регламенттеледі.
3.7 «Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қысқарту» бастамасы. Қайталанатын және мемлекет пен тұтынушының қауіпсіздігіне қатер туғызатын тәуекелмен байланысты емес бақылау мен қадағалау функцияларын алып тастау мақсатында мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларына тексеріс жасау жалғасады. Бақылау органдарының жеке бизнесті тексерулерінің санын және ұзақтығын қысқарту жалғасады, сондай-ақ бақылау органдарының құжаттама көлемін және тексерулер уақытын қысқартуы есебінен тексерулер рәсімі оңайландырылады.
Тексерулер жүргізу мемлекеттік бақылау және қадағалау ашықтығын қамтамасыз ететін бірыңғай электрондық платформада жүзеге асырылады; сонымен қатар тексеру жүргізу үшін кәсіпкерлерді іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады.
«Профилактикалық бақылау» институты енгізіледі, бұл мемлекеттік органдарды қолданыстағы анықтау және жазалау саясатының орнына құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту саясатына қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.
3.8 «Есептілік және ақпарат беру талаптарын қысқарту» бастамасы.Есептілік және ақпарат беру бойынша талаптар жүйеге келтіріледі, олардың қайталануы жойылады. Оның ішінде цифрландыру есебінен кәсіпкерлік субъектілерінің ақпарат жинауға және беруге байланысты шығасылары қысқартылады. 2024 жылға қарай есептілік және ақпарат беру бойынша талаптар санын 50%-ға қысқарту жоспарланып отыр.