Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Кәсіпорындарды жабу рәсімдерін оңайлату» бастамасы



бет48/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

3.14 «Кәсіпорындарды жабу рәсімдерін оңайлату» бастамасы. Белсенді емес және тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорындардың үлесін азайту үшін рәсімнің ашықтығын, қарапайымдылығын арттыру және мерзімдерін қысқарту есебінен заңды тұлғаларды жабу тетіктері оңайлатылады. Заңды тұлғалардың банкроттығы рәсімдерін одан әрі жетілдіру мүмкіндігі қаралады және жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері енгізіледі.
3.15 «Корпоративтік басқару деңгейін арттыру» бастамасы. Ашықтық деңгейін арттыруға және тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасатын болады.
Қарыз алушылар мен эмитенттердің қаржылық жағдайы туралы деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілетін болады.
Кредиттік тарихтарды қалыптастыру және кредиттік есептерді ұсыну мәселелері бойынша кредиттік бюролардың банк институттарымен өзара
іс-қимылы күшейтіледі, ақпарат берушілердің және көрсетілетін қызметтер спектрінің тізбесін кеңейту мәселесі пысықталады, үздік халықаралық практикаға сәйкес қарыз алушылардың кредитті өтеуге қабілеттілігін бағалау құралдары жетілдіріледі.
Жергілікті рейтингтік агенттіктерге көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту есебінен неғұрлым кең өкілеттіктер беру мәселесі пысықталатын болады; рейтингтік бағалар беру әдіснамасы жаңартылады; рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау тетіктерін енгізу мүмкіндігі қаралып, олардың берген рейтингтік бағалары үшін жауапкершілігі артады.
Аудиторлық қызметті, оның ішінде айыппұлдар мен анық емес ақпарат үшін лицензияны қайтарып алу тетігі есебінен реттеуді күшейту қаралатын болады.
3.16 «Қаржыландырудың баламалы көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету» бастамасы. Private eguity, факторинг, микрокредиттеу, венчурлік қорлар мен басқалары сияқты банктік емес қаржыландыру құралдарын дамыту үшін нормативтік құқықтық база жаңартылады. Микроқаржы институттары үшін неғұрлым арзан қаржыландыруды тарту мақсатында апексивті ұйым құру бойынша іс-шаралар әзірленетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет