Салқындату ж ə не сақтау. Шөлмектерді газдағаннан кейін оларды мұздыққа салып +4, +6 оС температурада сақтайды. Оған интенсивті сүт қышқылды ашытқының əлсіреуі үшін салады . 12- 24 сағат мұздықта тұрған қымызды қолданысқа шығаруға болады. 4- 6 оС температурада қымызды бір апта сақтауға болады. Бақылау нə тижесінде, 4 оС температурада бір апта сақталған қымыздың құрамы мүлдем өзгермейді.
Қымыз сапасына қойылатын талаптар. Қымыз газ түзетін консистенциялы, сарысу мен ұйыған ақуызы тұнбасыз болу керек. Түсі сарғыш реңді , ақ түсті. Дəмі мен иісі – таза, сүт қышқылды, өткір. Май мөлшері 0,8% болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |