Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 Өзін-өзі тану сабағының ұйымдастыру ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата06.06.2020
өлшемі1,12 Mb.
#72499
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
kn-teor-2

2.3 Өзін-өзі тану сабағының ұйымдастыру ерекшеліктері  

 Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, мұғалімдер 

және олардың оқушылары  қадағалау жүргізудің және қарым-қатынас 

жасаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру және 

басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, оларды дамыта алғандары 

маңызды.  

 

 



Топты ұйымдастырудың ережелері  

 

Топтар  түрлі  тәсілдермен  құрылуы  мүмкін.  Кей  кездері  мұғалімдер 



(және  оқушылар)  әріптестерінен  (немесе  достарынан)  бірге  жұмыс  істеуін 

өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. 

Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай 

құрылады. 

Топтың  қандай  тәсілмен  құрылғанына  қарамастан,  жаңадан  құрылған 

кез  келген  топқа бір-бірімен  жұмыс істеу  сипатына, дағдылары  мен стиліне 

икемделіп,  бейімделуге  уақыт  талап  етіледі.  Табысты  топтар  осы 

айырмашылықтардың  артықшылығын  пайдалануды,  оларды  бастапқы 

кезеңде  анықтауға  және  тиісінше  топтың  қызметін  ұйымдастыруды  бірден 

үйренеді.   

Қалыптасу  кезеңі  топ  жұмысының  басталуымен  шектелмейді.  Топ 

мүшелерінің  бір-бірі  туралы  хабардар  болуына  қарай,  топтың  қарқыны 

біртіндеп  өзгереді,  және  де  топқа  мұндай  өзгерістерге  қатысты  әрекет  ету 

үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.   

Топта жұмыс істеу ережелері   

Топтық  жұмыс  жеке  шешуге  болатын  тапсырмаларды  емес,  анағұрлым 

күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. 

Кез  келген  команда  барлық  мүшелері  білетін  және  түсінетін  жалпы 

ережелерді  басшылыққа  алуы  қажет.  Ол  топтың  әрбір  мүшесінің  одан  не 



45 

 

күтілетіндігін,  жұмыс  қалай  бөлінетіндігін  және  қолдау  көрсетілетіндігін, 



сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.    

  

1-кесте: Топ құру кезеңдері 



 

 

Топ мүшелерінің саны қандай болуы керек?  



Топтағы  оқушылардың  саны  оқушылардың,  сонымен  қатар  оқушылар 

мен  мұғалімнің  арасындағы  өзара  тиімді  қарым-қатынасты  барынша 

қамтамасыз  етуі  тиіс.  Топтың  көлемі  мен  санының  арасындағы  теңгерімді 

айқындаудың маңызы бар. Мысалы, көп шағын топтар немесе жұп шектеулі 

қысқа  уақыт  (мысалы,  шамамен  5  минут)  барысында  тиімді  жұмыс  істей 

алады.  Үлкен  топтар  оқушылардың  көңілі  басқаға  ауып,  тәртіптерінің 

бұзылуына  әкелуі  ықтимал.  Мұғалімге  нақты  тапсырманы  ұтымды  орындау 

үшін топтың қандай көлемі қажет екендігін анықтап алу қажет.   

Мұғалімдердің рөлі 

Топтық жұмысты мұғалімдер ұйымдастырады, әрі олар қолдау көрсетіп 

отыруға  тиіс,  сондай-ақ  тапсырманы  орындағаннан  кейін  оны  талқылауға 

уақыт  беру  қажет.  Мұғалімдер  топтың  тиімді  жұмысына  қолдау  көрсетіп, 

оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек. 

Сонымен 


қатар, 

сыныппен 

жүргізілетін 

жұмыс 


неге 

қол 


жеткізілетіндігін,  нені  білу  жоспарланғандығын  және  топтық  жұмысқа 

арналған  тапсырмалар  барлық  сыныпты  оқытумен  қалай  байланысты 

екендігін  талқылауды  қамтуы  тиіс.  Талқылау  барысында  оқушыларға  олар 

қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.   

Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға 

ұсынылатын  әдістерді  моделдеуі  тиіс.  Топтың  бірлескен  жұмысын 




46 

 

қамтамасыз  ету  үшін,  бастапқы  кезеңдерде  барынша  көп  қолдау  көрсету 



талап етілуі мүмкін.     

Сабақ  аяқталған  соң  оқушылар  топтағы  жұмыс  үдерісін  және  оның 

нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасау керек.     

 

 



 

Сурет. Топтың көлемі 

 

Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен 



топтың  қызметі  стратегиялық  тұрғыдан  дұрыс  құрылуы  тиіс,  олар  топта 

тиімді  жұмыс  істеуге  ынталандырып/қамтамасыз  етіп,  жоғары  деңгейдегі 

оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады.   

Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері   

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік 

өзара  қарым-қатынасты,  тиімді  араласу  және  проблемаларды  шешу 

дағдыларын  дамытуға  ықпал  етеді.  Бұл,  өз  кезегінде  оқушыларды  өздерінің 

оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. 

Оқушыларды  алынған  ақпаратты  ойластыруға  және  талқылауға, 

өзгелердің  пікірлерін  түсінуге  немесе  теріске  шығаруға  ынталандырған 

жағдайда Топтық жұмыс тиімді болады. 

Фактілер бұл үдерістің кезең-кезеңмен жүретіндігін растайды. Айталық, 

бастапқы  кезеңдегі  топтық  жұмыс  әлеуметтік  өзара  әрекет  етудің 

дағдыларын  дамытуы  қажет,  содан  кейін  оқушылардың  арасында  қарым-

қатынас  біршама  орнаған  соң,  мұғалімдер  олардың  тиімді  қарым-қатынас 

жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.  

 



47 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет