Бүйрек жетіспеушілігінің сипаты:
Бүйрек жетіспеушілігі-организмнен зәр арқылы шығарылатын заттардың нормадан ауытқуы,қанда азотты қалдықтардың жиналуы және бүйректің бөліп шығару қызметінің бұзылуы.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі –үш айдың көлемінде немесе одан да көп уақытта байқалатын бүйрек қызметінің қайтымсыз бұзылу синдромы.
Бүйректің созылмалы ауруының салдары:
-нефронның үдемелі өлуі;
-несепнәр ,креатинин,несеп қышқылы сияқты уытты әсері бар азот қалдықтарының көбеюі;
-организмнің зәрмен улануы;
-уремия (зәрлі қанның) дамуы;
Бүйрек жетіспеушілігінің негізгі себептері:
-бүйректің шумақтақтық аппаратының зақымдануы;
-«В» немесе «С» вирусты гепатиті;
-1,2 типтегі қант диабеті;
-буынның ұстамалы ауруы:
-созылмалы пиелонефрит;
-бауырдың зақымдануы;
Бүйрек жетіспеушілігінің белгілері:
-әлсіздік ;
-шаршау;
-никтурия-түнде жиі несеп шығару;
-несептің көп шығарылуы-тәулігіне 2-4 л несеп шығару; т.б
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін анықтау жолдары:
-зертханада жалпы қан талдауы;
-қанды биохимиялық талдау;
-несеп талдамасы;
-Реберг-Тареев сынамасын жасау;
Бүгінгі сабаққа арналған тапсырмалар:
1-тапсырма.
“Пазл” әдісі
2-тапсырма
Жұптық жұмыс «Сипатта, анықта,түсіндір» әдісі. «Бүйректің созылмалы ауруларының қауіп-қатер факторлары»
3-тапсырма
“Түсіп қалған сөзді тап” әдісі
|
Бүйрек жетіспеушілігінің себептерін,белгілерін, анықтау әдістерін пазлдарды топтастыру әдісімен орындау.
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Оқушылар жұптық тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.
Интерактивті тақатада берілген сөйлемдерді оқып,түсіп қалған сөздерді толықтыру.
|
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б
«Ду қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау. «Мадақтау!» «Жарайсың!»
|
Сабақтың соңы
|
«Табысқа жету баспалдағы»
1-Мен бүгінгі сабақта... түсінбедім, көңіл күйім нашар болды.
2-Мен бүгінгі сабақта .... жартылай ғана түсіндім, көңіл күйім орташа болды
3-Мен бүгінгі сабақта.... жақсы түсіндім, көңіл күйім көтеріңкі болды.
|
Мен түсінбедім бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.
|
|
|