Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



бет10/14
Дата19.11.2016
өлшемі2,52 Mb.
#2056
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қазіргі кезеңiнде қала-орталықтарында жедел түрде сауда-кәсiпкерлiктерi нығая түстi, қаладағы әлеуметтiк жағдайлары жорғары тұлғалар-боярлар баий бастады, көпестердiң беделi өстi, ал саудагерлердiң саны көбейе бастады. Осындай жағдайда кедендiк iстiң эелементтерi пайда бола бастады, атап айтқанда: сауда баж салығы пайда болды. Сол кездегi “Русская правда” заңнамалар жинағында көрсетлген кедендiк заңнамалар мен басқада құқық нормалары пайда болды. ХII ғас. ХIII ғас. басында Киев мемлекетi iс жүзiнде ыдыраған соң, кейбiр жергiлiктi феодалдар мен жер иелерi өз қалталарын толтыру үшiн және жеке өз қамдарын ойлап, өздерiнiң жер аумағында кедендiк баж алым-салықтар жүйесiн орнатты. Шекарадан немесе жер аумағынан өткен кезде “Жуу (Мытие)” алым-салығы ретiнде: “өту” және “сауда” алым-салығы алынды. Егер сол жерден немесе шекарадан өту үшiн “өту” алым салығын төлеу және “сауда” алым-салығы сауда-саттық жасаған кезде төленетiн болды. Тауарды тасымалдағаны үшiн 1 ден 3 –ке дейiн ақша (яғни 0,5-1,5 копейка) алында. Феодалдық бытыраңқылық кезеңiнде iшкi және сыртқы сауда –саттық мәселесi бая жүргi, оның себебi шекарадан тауарды өткiзбеу немесе тосқауыл жасау кедергiлерi әр түрлi баж салықтары алынды. Баж салықтарының (мыт)“костку” деген баж салығы болды, ол, жаяю өткен адамдардың әр қайсысынан алынатын болды. Сонымен қатар баж салықтарының мына түрлерi болды: “померная”, “весчая”, “письчая”, “явленая”, “клеймо” т.б. Монгаолдарың орыс жерiн жаулап алудың нәтижесiнде монгал тайпалары алым-салық ретiнде “тамга” төлендi. “Тамга” ол, таңба салу деген мағынаны бiлдiрдi Ресейдiң Қазақстан мен Орта Азияға деген Кедендiк саясаты


Кедендiк баж алым-салықтарын жинау мәселесi сол дәуiрдегi Волга өзенiнiң жағалауында орналасқан Алтын -Орданың орталығы Батый-Сарайы болды, оған таяу орналасқан Қазақстан, Ресей, Шығыс Еуропа мен Солтүстiк Кавказ жерлерiн бiрiктiрдi. Сол кездегi дәуiрден қалған 20-шақты салық және кеден алымдарынынң түрлерi қалды, осы аталған баж алым-салықтары мен кедендiк таңбалары қазақ хандары көршiлес елдiң басышаларына: орыс княздарына, қазақ сұлтандарына, Поляк және Литва корольдарына табыс етiлген. Грамотаның мазмұнында баж салығының мөлшерi, тауардың тiзiмi және қызмет көрсеткенi үшiн төленетiн төлем мөлшерi көрсетiлдi. Әдеттегiдей орнатылған жалпы ереже бойынша, православиялық және мұсылмандық дiни уағыздаушы тұлғалары, кеден төлемдерiнен босатылған болатын, бұл жөнiнде осы аталған грамотада айтылатын болды. Алтын Орданың ұлыстық ең басты құжатында кеден баж салығын алу “баспа”деп аталды. Алтын Орданың дәуiрiнен қалған 150 салықтың түрi қазақстан құқытық мирастыққа ие болды. Оның iшiнде кеден баж алым-салығы мен басқа да мiндеттi төлемдерi болды.

Қазына қорын толтыру кiрiстерiнiң 80 % жуғы кеден баж алым-салықтарынан түсетiн болды. Осы кезде кеден қызметi аса жоғары мәртебеге ие болды.



ХIҮ ғас. екiншi жартысында қазақтың алғашқы хандарының бiрi Жәнiбек ханның тұсында мынадай кедендiк қызметтiң түрлерi болды:

Тархан (кедендiк салықтың генералы); Ұлан (“көк қан” шыңғыстық), даруға-ол, iшкi салықтардың төленуiне жинауына жауапты тұлға болды; Басқақ-ол, сыртқы алым-салықтың жйнауына жауапты тұлға болды; Шағуал-ол, кеден баж салығының төленуiн бақылау жасау жөнiндегi ханның кеңесшiсi тұлға болды; Бақауыл-ол, кеден заставасының командирi болды; Жасауыл-ол, кеден отрядының командирi болды; Тамгашы (Таңбашы)-ол, таңба салушы (қоюшы) тұлға болды; Казак-ол, салықты жинаушы тұлға болды; Шабарман-ол, ерiксiз және мәжбүрлеп, күш қолдану әдiсi арқылы кеден баж салығын төлететiн тұлғаны айтады; Саяхатшы Марко Поло Орта Азия аумақтарында саяхат жасау кезiнде, сауда-саттықтың жоғарғы деңгейде дамығаны туралы , әскери және кеден қызметiнiң осы аумақтағы мемлекеттердiң үздiк жұмыс iстерi жөнiнде таң қалды. ХIҮ-ХҮ ғас. басында Темiр империясының қалыптасуынана бастап сауда керуен жолдары сонау Қытайдан бастап көбiнесе қазақстанның оңтүстiк аумақтарынан өтiп Орта Азияның қуаттың мемлекеттерi арқылы өттi.Керуен жолдары арқылы қытайлық бұйымдарын тасымалдау кең түрде жүрдi. Бұған қоса Жетiсу және Ертiс бойындағы елдерде қытайлық жiбектер мен бұйымдары кейiнiрек пайда болды. Қазақ елiнiң аумағында әмiршi Темiрдiң аты көпке тарады, оның себебi қазiргi Түркiстан қаласындағы Қажы Ахмет Яссауйыдң кесенесiн салғызуын ұйымдастыру ретiнде, осы кесененi саклушыларды және сол Түркiстан қаласының тұрғындарын салық және кедендiк баж алым-салықтарын төлеуден босатты деген аңыз болды. 1397 жылы әмiршi Темiрдiң жарлығы бойынша Қажы Ахмет Яссауйдың кесенесiн құрал-жабдықтармен қамтамасыз етумен қатар ерекше мәртебесi бар екенi жарияланды. Сол дәуiрде Қазақстан аумағында орналасқан Сайрам, Сығнақ, Отрар,Тараз қалалары әмiршi Темiрдiң үнемi назарында болды. Түркiстан аумағында орналасқан әрбiр елдi мекендерде дiни ұйымының өкiлi болды ,ол әкiмшiлiк, соттық және салық қызметiн атқаруы жүзеге асырып отырды. Осы аталған қызметшiнiң құқытық мәртебесi тархандақ грамотамен және ханның заң жинағымен бекiтiлдi. Жылнама жазба көздерi бойынша, әмiршi Темiрдiң билiгi тұсында, бiрнеше салық және кеден баж алым-салықтары туралы жарлықтары шыққан болды.1400 жылдарда көрсетлген осы күнге дейiн жеткен Темiрдiң жарлықтары бар. Бұдан 600 жыл бұрын шыққан және қазiргi күнге дейiн сақтаплып келе жатақан: “қаржы”, “қаражат” және “салық” деген сөз ұғымдары өз мағынасын жоғалқан жоқ екенi баршаға мәлiм. Әмiршi Темiрдiң Құқықтық актiсi Шыңғыс ханның “Яса” заңы Қазақ мемлекеттiгiнiң қаржы институтынынң қалыптасуына аса қажеттi жағдайларды туғызды. Тарихи деректерге қарағанда Қазақ жерi арқылы экспедициялық тасымалдау керуендерi сауда жолдары өтiп, ол Қытай, Үндi және Орта Азия мен Ресей елдерiн байланыстырды. ХII ғас.кезiнде сауда-саттық жолдары Қытайдан бастап Батысқа бет бұрды. Осы арада Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстан аумақтары арқылы сауда –саттық қызу жүрiп жатты. ХҮI ғас. екiншi жартысында Ұлы жiбек жолдары қазақа даласы арқылы өтiп Қытай, Үндi және Орта Азиямен байланыс жасайтын болды. Осы аталған жолмен хажылыққа барды және әскери қолдар өттi.Ресейдiң Еуропадаға Кеден iсi және тамыр-таныстық туралы саясаты

ХIХ ғас. дейiнгi Ресейдiң кедендiк саясаты Еуропа аумағында, жаңадан қалыптасып келе жатқан күштердiң ықпалында болды. Ресейдiң сол кездегi саясаттың өзгеруiнке қарай, жаңадан жер аумағының пайда борлуы мен шекаралардың кеңейуiне, жаңадан сауда жолдарының қалыптасуы, осы жағдайлардың бәрi кеден саясатының негiзгi бағытын және кедендiк күзет құрлымын өзгертуге әкелiп соқтырды. Сондықтан “кеден шекарасы” деген ұғым пайда болды. Сол кезеңде кедендiк шекара мен мемлекеттiк шекараның мағынасы жалпы алғанада бiр-бiрiмен ұқсас болды. ХIХ ғас. алғашқы екi онжылдығында кеден саясатының көтерiлуi мен төмендеу әрекеттерiне тап болды. Кеден iсiнде протекциялық тарифтен фриддерлiк тарифке көшу әрекеттерi болса да еркiн саудак-саттық жұмыстары кең орын алды. Напалеонның арандатушылық саясатына байланысты, Ресей мемлекетi Франциямен бұрынғы жеңiлдетiлген кедендiк тарифан қайта қарады. “1811 жылығы Сауда туралы ереже” мазмұнын Ресей сыртқы сауда операциясын Франциямен тоқтатты. 1812 жылғы Отан соғысы аяқталған соң, одақтас державалармен табысу үшiн, кеден саясатын жұмсарту үшiн, кеден тарифы төрт рет қайта қаралды.1818 жылы 31-наурызда темiр бөлшектерi мен тiгiн бұйымдарынан басқа тауарды тасымалдауға кедендiк тиым салу жүйесiн тоқтату үшiн кеден тарифы қабылданды. 1819 жылдың қараша айында аса жайлы кеден тарифы қабылданды. Ресейге (2-15%) дейiн кедендiк ставканың төмен түсуiне байланысты шетелден көптеген арзан тауарлар келiп жатты, осындай тауардың көптiгiнен ресей өнеркәсiбi бәсекелiкке төтеп бере алмай, отандық бұйымдар сұраныссыз қалды. Ресейдiң жаңа кеден саясатына негiз болған 1822 жылы шыққан тамыр-таныстық жағдайдағы тариф болды. Осы аталған тарифтың негiзiне мына принциптер жатты: Ресейде шығарылатын тауарларға, мемлекеттiң пайдасына қарай салынатын баж салығы төменгi деңгеге дейiн түсiрiлдi. Елде шығарылмайтын шетелден әкелiнетiн тауарлар баж салығынан босатылды, ал елде шығарылатын тауарларға бәсекелестiк тудыратын тауарларды әкелуге тиым салынды. Кейбiр бұйымдарды: темiр, қорғасын, сыра, қант, т.б. әкелуге жол берiлмедi.1850 жылы шыққан кеден тарифы кеден iсiнiң жеңiлдетушiлiк әдiсiнiң пайда болуына жол салды, ол әсiресе 1857-1868 ж. тарифтерде ерекеше байқалды. 1850 жылғы тариф бойынша 299 бапта көрсетлген тауардың 12-кi түрiн әкелуге тиым салынған. Шикi зат пен жартылай шикiлей тауарларды әеклуге жеңiлдiк жасалды.Кеден баж салығының төмендеуi нәтижесiнде отандық тауарлардың дамуына қолайлы жағдай туды. 1891жығы Ресейдiң тамыр-таныстық жағдайдағы тарифiне қарсы кейбiр шет елдер орыстың сада-саттығына қарсы тосқауылдар жасамақ болды.

1892 ж. халықаралық тауар айналымында орасон өзгерiстер болды, онда ресей тауарларын батыс елдерге тасымалдауға жағдай туғызды. Ресей мен батыс елдерi: Германия, Австро-Венгрия, Швеция және Бельгия арасында 1892 ж.1-шi ақпанда өз күшiнен енген келiсiм шарттар бойынша орыс тауарларын: нан, май, қара мал, ағаш, басқа да тiрi малдардың түрiн әкелуге рұқсат берiлдi. Ресей 1893 жылы қабылданған екi мәрте салынатын кедендiк тарифке батыс елдерi жедел көңiл бөлдi. Кедендiк қатынакс ең алдымен Германия көңiл бөлiп бұған қарсы шара ретiнде Ресей тауарларына кеден баж салығының мөлшерiн 50% дейiн көтердi. Реседен әкелiнген тауарларға баж салықтарының мөлшерi мынадай болды: бидайға- 100 кг,-7,5 марка; ал жалпы бәскелес рыногында 3,5 марка болды. Яғни басқа елмен сатыстырғанда орыс нанына 114 пайызға дейiн көтерiлдi. Бұған жауап ретiндке Ресей Германиядан әкелiнетiн тауарларға 100 пайызға дейiн көтердi. Кедендiк айқас жарты жылға созылды. Нәтижесiнде 1894 жылы Ресеймен келiсiм-шарт бекiтiлiп Германия мен Францияға және басқа да мемлекеттермен кеден ставкалары төмендетiлдi.

Ресейдiң Қазақстан мен Орта Азияға деген Кедендiк саясаты ХҮIII ғас. басында Қазақстанның Ресей Империясына қосылуына байланысты жалпыресейлiк-экономикалық процестерiне және қоғамның дамуына қарай сол кездегi дәуiрдiң әлеуметтiк-экономикалық және аумақтың мәдени дамуынап сай болу үшiн осы даму процестерiнiң iстерiне кiрiсуге мәжбүр болды. Ресей-Қазақстандық сауда-экономикалық байланыстыр кеңейiп, түкпiлiктi орныға бастады. ХҮIII ғас.сыртқы сауда-саттықтың өсуiне қарай алғашқы кеден шекаралары құрыла бастады.Кеден шекаралары 5 түрге бөлiндi:

Еуропалық, Азиялық, Кавказ-желiлiк, Арғы кавказдық, Қытай сауда жасау аумақтық бағыттары болды. Кеден қызметi округтер бойынша және үш сыныптпрға бөлiндi. Мысалы Азиялық сауда жасау кедендiк iстерi: Орынбор,Тройцк, Петропавловск, Семей, Бұхтырма (Омбы) қалалраында орналасты. Осы аталған кедендiк затава мен бекеттерде округтердiң әр-қайсысында өз-ара қашықтық қызметтiк ерекшелiгi болды. Кеден қызметi сол кездегi сауда жарғысы бойынша реттелдi, ал кейiннен ол жарғы 1755 жылы қабылдаеған Кеден жарғысымен ауыстырылды. Кеден қызметi алғашқы кезде Коммерция-алқасына бағынды, ал кейiннен Қаржы минстрлiгiнiң әскери сауда департаментiне бағынды.1752 жылы Солтүстiк Қазақстан аумағындағы “Қызыл-Жар” бөлiгiнен 160 шақырым жерiнен Петропавловск қамалы орнатылды. 1759 жылы Ресей Императорының жарлығы бойынша кең шеңберде сауда жүргiзу жұмысы ұйымдастырылды, оның нәтижесi орыс тауарлары тиелген керуендерi Қазан, Архангельск қалалары мен губеринялары және шығыстағы қалалар Қырғыз, Қоқанд, Бұқара және Хиуа арқылы өттi. Алым-салықтарды салу үшiн, мемлекеттiң шекарасы арқылы өтетiн тауарларды, жасырын түрде (контробанда) өтпеу үшiн, ескерту iс-шараларын жасау үшiн ,1782 жылы кедендiк шекара қызметi орнатылды. Ресей-қазақстандық сауда жасау орталығы 1734 жылы құрылып, оның орталығы Орынбар қаласы болды. Осы сауда орталығының пайда болуы Ресей мен Қазақстанға екi жақты экономикалық және шаруашылық тиiмдiлiк маңызы болды. Орынбор өлкесiндегi сауда орталығының пайда болуы- ол, Азия аумағына еуропалық сауда әсерiнiң пайда болуына әкелiп соқтырды. Орынбар аумағындағы сауда-саттық iстерiне қатысу үшiн Сiбiрдегi, Поволжиядағы және Ресейдiң орталық аудандарының көпестерiн, сонымен қатар Ташкент, Бұқара және Шығыс Түркiстен көпестерiн де қатысуы қажет болды. Орынбар сауда аумағына “Шығыс рыногына” Қытайм,Үндiстанмен сауда жасау қажет болды. Бұқара, Ташкент және Қашғар көпестерi Орынборға ортаазиялық тауарларын әкелушi болды. Орыс көпестерi ортаазия хандығының феодалдық беделдi тұлғалармен өз тауарларын айырбастау мәселесiнде делдалдық қызметiн атқарды. Ресей патшасы 1-шi Петрдың тұсында, Орта Азия мен Шығыс елдерiнiң рыноктарына шығу үшiн, Қазақстан аумағын транзит жолы ретiнде пайдаланып, сауда керуенiн дамыту бағытын бекiттi. Орынбор өлкесiнiң бастығына, сауда керуенiнiң еркiн жүрiп тұруына және оған қауiп төндiрмейтiн келеңсiз жағдай туғызбайтында, яғни қарақшылық, тонаушылық жасаудан қорғу жасауды қамтамасыз ету мiндетi жүктелдi.Ресей үкiметi сауда керуенiне тiкелей байланыстығы бар сұлтандардың жауапкершiлiгiн нығайтуға әрекет жасамақ болды. Қазақстанның Ресейге өз еркiмен қосылуына байланысты, амалсыздан жалпыресейлiк экономика мен қоғам дамуының процестерiне кiрiстi, оның нәтижесiнде аумақтағы әлеуметтiк-экономика мен мәдениеттiң қажеттiлiгiне сай болуына әкелiп соқты. Қазақстан аумағында кеден қызметiнiң Ресей мемлекетiнiнң кеден қызметiнiң жүйесiмен бiрiгуi мен ұқсастығы және Ресей заңына жүгiну себебi осында болды.

Еуропадағы дамыған елдерiнiң Кедендiк саясаты



XVIII -XIX ғас. әлеуметтiк қоғамның құрамында буржуаззия қоғамында экономикалық қатынасты лиеберализациялауға байланысты және дамуына қарай, еуропа мемлекеттерiнiң кедендiк ережесiнде өзгерiстер пайда болды. Бұл өзгерiстерде туристердiң, көпестердiң жүктерiн, тауарды тасымалдауды кедендiк рәсiмдеудi жедел түрде рәсiмдеу кепiлдiгi көрсетiлдi.1747 жылы Бағдат қаласында шыққан жолды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақшаны төлегенi үшiн көп кiдiртпей шекарадан өткiзiлуге тиiстi және тариф бойынша тиiстi алымды алған соң дер кезiнде керуен өткiзiлуге тиiстi болды. Бұл қазiргi кезеңдегi жол қорының салығы деп аталады. Сауда-саттық жасау қатынастарын қорғау ретiнде “1807 жылы шыққан Баден циркуляры” бойынша қайырымды және тәртiптi көпестер мен тауарды тасымалдаушылар мына мән-жайға сенiмдi болуы керек: “олар өз жүктерiн шекара арқылы өткен кезде және сауда жүргiзген кезде ешқандай қысымшылыққа және басқа да заңсыз әрекеттерге кездеспейтiн жағдай жасауға кепiлдiк бередi”, деген. 1821 жылығы “Баден кеден нұсқауы” деген талабы бойынша: “кеден қызметшiсi өзiнiң жол алым-

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет