Лабораторлық диагностикасы.
Шеткі қанда: нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлау. Соңынан лейкоцитоз
лейкопенияға алмасады, лимфомоноцитоз.
1.
Бактериологиялық әдісімен Francisella tularensis бактриясын бөліп алу. Науқастан
алынатын материал: жараның бөлінділері, лимфа түйіннің пунктаты, қан, қақырық,
анқаның жағындысы.
2.
Серологиялық әдістер: АР – 1:100, ТГАР. Жұпты сары су зерттелгенде
антиделердің титрі 4 есе жоғарлауы қажет.
3.
ПТР
4.
Биологиялық әдіс – науқастан алынған патологиялық материалдарды ақ
тышқандарға, теңіз шошқаларына енгізеді, олар туляремиядан 3-10 күннен кейін өледі.
Өлген жануарлардың лимфа түйіндерінен, бауыр, көк бауыр, қанынан жағынды жасалып,
қоректік ортаға себеді.
Емдеуі.
1.
Этиотропты ем
Қалайтын препараттар:
Стрептомицин – 0,5х2 рет, өкпелік, жайылмалы түрлерінде 1,0х2 рет бұлшық ет
ішіне;
Гентамицин 5мг/кг бұлшық ет ішіне, көк тамыр ішіне;
Жаңа аминогликозидтер: сизомицин 0,1х3 рет, нетромицин, амикоцин
Альтернативті препараттар:
Доксициклин 100 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын
Ципрофлоксацин 400 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын
Хлорамфеникол (левомицетин) 15 мг/кг тамыр ішіне 6 сағат сайын
Цефалоспориндер
Емдеу курсы қызба кезеңі бойы және қалыпты температура кезеңі бойы 5-7 күн.
2.
Патогенетикалық ем:
- интоксикациямен күресу
- С және В топты витаминдер
- десенсибилизация
- қабынуға қарсы қолданатын препараттар
- жергілікті ем: компресс, майлы танғыштар, солюкс, диатермия, хирургиялық ем.
Болжамы
қолайлы. Өлім-жітімділігі – 0,5%.
Алдын алу шаралары:
-табиғи ошақтарды бақылау;
- дератизациялық шаралар;
-вакцина енгізу, тірі туляремиялық вакцина грам «теріс» қоздырғыштарға қарсы
нәтижелі вакциналардаң жалғыз түрі, иммунитет 5 жылға созылады, сондықтан
ревакцинация жасау керек;
-
қолғап, көзілдірік, маска пайдалануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |