209
P.vivax және P.ovale спорозоиттардың бауырдағы жартысы «гипнозоит»
немесе
«брадиспорозоит» ( А.Я. Лысенко,1976 ж.) түрлеріне бастау береді, сондықтан қысқа (9 –
13 күн) және ұзақ (9-13 ай) өтетін жасырын кезең тән. «Бради-» және «тахи-»
спорозоидтармен инвазияланғанда, преэритроцитарлық шизогония (А.Я. Лысенко, 1959,
1967ж.ж.) немесе параэритроцитарлық шизогония сатыларына сәйкес келетін,
гепатоциттердегі қалған брадиспорозоиттар белсенділігі салдарынан кеіннен пайда
болатын қайталанулар болады.
Безгектің барлық түрлерінің преэритроцитарлық шизогониясы
бір генерациямен
бітеді. Тіндік шизогония аяқталысымен мерозоиттар шеткі қанға шығады, олардың
жартысы 30 сек. ішінде эритроцитерге енеді.
Мерозоиттардың эритроцит құрамына енуі бетінде
арнайы рецепторлардың болуы
арқылы жүзеге асады. P.vivax үшін ондай рецептор Даффи (Fyα немесе Fyδ) изоантигені
болып табылады, ол рецепторлар болмаған жағдайда эритроцитарлық шизогония
дамымайды. Даффи - Батыс Африка негрлері және Солтүстік
Америка олардың
ұрпақтарының теріс генотипі (Fy, Fy) салдарынан олар үшкүндік безгекке
қабылдағыштығы жоқ. Әр түрлі гемаглобинопатиялармен ауыратын адамдар безгекпен
ауырмайды.
Тропикалық безгектен басқа барлық паразит түрлерінде аралық даму
сатысы шеткі
қан эритроциттерінде өтеді. Тропикалық безгекте эритроцитарлық шизогония вицеральды
мүшелердің капиллярларында өтеді. P.falciparum-мен зақымдалған эритроциттер
плазмолема өсінділерін береді, осы безгек қоздырғышының ішкі мүшелер эндотелийінің
антигендік
ұқсастағы салдарынан, олар ішкі мүшелердің капиллярлар эндотелийлеріне
жабысады.
Эритроциттердің құрамындағы мерозоиттардың бір бөлігінен аналық және аталық
жыныс гаметалар түзіледі. P.vivax, P.ovale, P.malaria
гаметалары домалақ пішінді, ал
P.falciparum-ның – бірнеше жыныссыз эритроцитарлы циклден 10 – 12 тәуліктен кейін
«жарты ай» пішінді болады. Қалған түрлердің гаметоцидтері қанда жыныссыз түрлерімен
бірге түзіледі де қанда тез өледі. P.falciparum гаметоциттері перифериялық қанда ұзақ
сақталады.
Эритроцитарлы шизогония кезінде тіндік мерозоит
жас жетілмеген трофозоиттан
(өсіп келе жатқан түрі) ересек шизонтқа (даму үстіндегі форма) кейін эритроцитарлық
мерозоит жетілген шизонтқа (морулалар) дейін дамуы өтеді. Ол қоздырғыш түріне
байланысты P.Vivax, P.ovale, P.falciparum 48 сағат, ал P.malaria 72 сағат аралығында өтеді.
(2-ші кесте).
Достарыңызбен бөлісу: