Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Безгекпен күресу және алдын алу шаралары



Pdf көрінісі
бет238/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Безгекпен күресу және алдын алу шаралары.
Эпидемияға қарсы және алдын алу 
шаралары эпидемиялық процестің барлық бөліктеріне сәйкес үш бағытта – инвазия 
қоздырғышының көзіне, берілу механизміне және тұрғындардың қабылдаушылығына сай 
өткізіледі. Әрбір бағыт - шаралардың жиынтығынан тұрады. Ол масаларды, оның 
личинкаларын жоюды, химиялық дәрілермен тұрғындардың қабылдамаушылығын 
көтеруді және адамдарды масалар шабуылынан қорғауды қамтиды.
 
 
VI ТАРАУ. ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР ЖӘНЕ
 СЫРТҚЫ ЖАБЫНДЫЛАРДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛАРЫ
Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa ) 
Вирусты гепатиттер - бауыр зақымдалуымен жүретін жұқпалы аурулар. Жедел 
гепатиттің ауырлығы әр түрлі болады: симптомсыз және клиникалық көріністері әлсіз 
дамығаннан бастап, ауыр және қатерлі, өліммен аяқталатын түрлерге дейін. Ол адамды 
өлімге әкелетін инфекциялардың қатарына жатады. 
Гепатитті тудыратын вирустарға жеке нозология ретінде келесі вирустар жатады: А 
(HAV), В (HBV), С (HCV), D (HDV), Е (HEV), F (HFV), G (HGV). HFV – таксономиялық 
тұрғыдан анықталмаған, вирусты гепатит қоздырғышы бола алды деген кондидаттардың 
(GBV/GBV-C-PHK және TTV-ДНК) патогенділігі күмән тудырады, бірақ, TTV 
созылмалы С гепатит кезінде табылған, әсіресе соңғы кезеңдерінде. Негізгі гепатотропты 
вирустардың сипаттамасы № 22 кестеде көрсетілген. 
Анықталған гепатотропты вирустардың ішінде парентералды жолмен берілетін вирустар 
- В, С, Д, F, G және TTV. 
Бауырдың зақымдалуы басқа вирустармен де шақырылуы мүмкін. Бірақ, бұл кезде 
«Вирусты гепатит» термині қолданылмайды, себебі, бауырдың зақымдалуы арнайы емес 
болып, әдетте осы инфекциялардың ауыр түрлерінің асқынуы ретінде дамиды. Ол 
вирустарға жұқпалы мононуклеоз шақыратын Эпштейн-Барр вирусы, жай герпес 
вирусының I-түрі, цитомегаловирус жатады. 
Вирусты гепатиттерге жедел ағымның созылмалы түрге айналу мүмкіндігі әр түрлі 
циклдік ағым тән ( № 2 кесте). 
Созылмалы В, С және Д гепатиттерінің әлеуметтік маңызы жоғарылады. ДДҰ мәліметі 
бойынша, бүкіл әлемде HBV- тасымалдаушылары шамамен 300 млн. және HCV - 500 
млн-ға дейін жетеді. Жұқтырғандардың 80% қауіп-қатер тобына жатады. HBV- 
тасымалдаушыларының 40% созылмалы гепатиттің асқынуларынан өледі. Әлемде HBV-
мен шақырылған бауырдың қатерлі ісігінен 1 млн. жуық адам өледі. HBV-мен 
салыстырғанда HCV-дан бауыр циррозы жиі дамиды, ол гепатоцеллюларлы 
карциноманың дамуына негіз болып табылады. 
HBV, HCV және HDV кезінде – жұғу жолдары және организмде ұзақ сақталуы 
бірдей; осы қасиеттері оларды А және Е вирустарынан ажыратады. 
Нашақорлықтың өсуіне байланысты елімізде аралас инфекциялардың үлесі 
жоғарылады (HBV+HCV, HBV+HDV, HBV+HCV+HDV). Бұл жағдай созылмалы 
вирусты гепатиттердің қолайсыз нәтижелерін бірнеше есе жоғарылатады.
Гепатиттің тағы бір этиологиялық
 
агенті анықталды – ТТ вирус ( TTV - transfu-
siontransmitted virus, яғни, қан құйғанда берілетін вирус). Бүл - ДНҚ- лы вирус, Circoviri-
dae туыстастығына жатады. TTV изоляттарының ДНҚ-сын зерттеу оның (I-ден XVI-га 
дейін рим сандарымен белгіленетін) әр түрлі варианттарын көрсетті. Гепатиттің 


219 
дамуындағы TTV-ның этиологиялық рөлі толық шешілмеді. Мысалы, TTV ДНҚ-лы 
жүрекке операция жасалмаған науқастарда операцияға дейін 16,6%-те және кейін - 
69,0 %-те кездесті, бірақ TTV-мен байланыстыруға болатын жедел гепатит 
тіркелген жоқ.
TTV-инфекция созылмалы В және С гепатиттермен ауырған науқастарда жиі 
кездескенімен, TTV-коинфекциясы созылмалы В және С гепатиттердің клиникалық - 
патогенетикалық ағымына және альфа-интерферонмен емдеу нәтижесіне әсер етпейді. 
Сонымен қатар, бұл вирус адам организміне әсер етпейді деп айтуға болмайды. Вирусты 
гепатиттердің маңызды мәселен олардың жеке түрлерін анықтау болып
№23 кесте. 
Гепатотропты вирустардың ерекшеліктері 
Ерекшеліктері HAV1973г. 
HBV1963г. 
HCV1989г. 
HDV1977г. 
HEV19
80г. 
Топтық 
сәйкестілігі 
Пикорна-
вирус 
(энтеро-вирус) 
Гепадна-
вирус 
Флавивирус Рибозин 
(өсімдіктер 
мен 
жануарлар 
вирустарыны
ң арасында-
ғы орын) 
Кальци
-вирус 
Нуклеин 
қышқылы 
РНҚ 
ДНК 
РНҚ 
РНҚ 
РНҚ 
Серологиялық 
варианттары 
Шамамен 
біртекті, 
әртүрлі 
штамдары бар 
Бірнеше 
субтиптері 
бар 
Бірнеше 
субтиптері 
бар 
(генотипі

6) 
2 түрі 
(патоген-
дірек және 
жалпы) 
Біртекк
і емес 
Вирустардың 
репликация-
лану орны 
протоплазма 
ядро 
протоплазма ядро 
протоп
лазма 
Негізгі берілу 
жолы 
энтеральді 
паренте-
ральді 
паренте-
ральді 
паренте-
ральді 
энтерал
ьді 
Қайнатуға 
тұрақтылығы 
5мин 30-40мин.
30-40мин. 3-5мин.
3-5мин.
Летальдығы 





20 
1-2 
Созылмалы-
лық, %, бауыр 
аурулары 
жоқ 
10 
гепато-
карцинома 
болуы 
мүмкін 
60 
гепато-
карцинома 
болуы 
мүмкін 
90-ға дейін 
цирроз 
жоқ 


220 
№24 кесте. 
Вирусты гепатиттердің ағым фазалары 
Жасырын 
кезең 
Жедел фаза 
Реконвалес- 
ценция 
кезеңі 
Нәтижелері 
Сарғаю алды 
кезеңі 
Сарғаю кезеңі 
2-4апта (А,Е) 
2-4 ай (В,С) 
2 күн-2 апта 
2-7 апта 
2-12 ай 
Сауығу 
Созылмалы 
ағым 
Бауыр циррозы 
Бауыр 
карциномасы 
Өлім 
табылады (верификация), ол үшін серологиялық маркерлері қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет