Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі



Pdf көрінісі
бет237/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі. 
Сульфаниламидтер мен сульфондармен синергист болатын безгекке қарсы 
комбинацияланған схемалар: 
1 схема
. Сульфален 1,0 + триметаприн 0,5. 2 препаратты күніне 2 рет немесе 1 рет 
қолданады. 
2 схема
. Күніне 5 таб. мефлохин (3табл.ертеңгісін және 2 табл – кешке). 14 күн бойы 
қатарынан примахин 0,027г. 
3 схема
. Күніне 5 таб мефлохин. Күніне 3 табл фансидар. 
4 схема
. Күкірт қышқылды хинин 0,65 10-14 күн бойы күніне 3 рет. 
Соңғы кезде тропикалық безгектің қоздырғышының дәріге тұрақты штаммдарын 
емдеуге лариам қолданады. Оның құрамындағы бөліктері мефлохин гидрохлоридінде 
274,09 250 мг негіздік мефлохин құрамында бар. 1табл – 250мг. 
Лариам плазмодияның барлық түрінің жыныссыз эритроцит ішілік түріне әсер етеді. 
Иммунды емес пациенттерге салмағы 45-60кг – дозасы 1250-1500мг (5-6 таблеткадан), ал 
жартылай иммунды пациенттерге – 750-1000мг (3-4 таблеткадан) қолданады. Таблетканы 
тамақтан кейін және көп мөлшерде сумен ішеді. 
Мефлохинмен (лариамом) 3 күндік безгкті емдегеннен кейін радикальды емдеу үшін 
8-аминохинолин тобының препаратын қолдану керек. Мысалы, қоздырғыштың тіндік 
(бауырлық) түріне әсер ету үшін – приимахин, хиноцид немесе фоль қышқылының 
антогонисі – пириметамин қолданады. Егер 48-72 сағат ішінде лариамнан ешқандай 
нәтижесі болмаса басқа препарат қолдану керек. 
Лариамның (мефлохин) профилактикалық дозасы – 250мг (1т) эндемиялық 
аймақтарға шығар алдында аптасына 1 рет тағайындалады және сол дозаны әр апта сайын
аймақта болған кезеңдерінде және келгеннен кейін 1 апта бойы қолданады. 
Ауруханадан шығару ережелері.
 
Реконвалесцентті клиникалық көріністері 
жойылған кезде, толық емдеу курсын алғанда және қалың тамшыда плазмодий 
болмағанда, қан жағындысын зерттеу кезіндегі 2-3 рет теріс нәтиже берген кезде ғана 
стационардан шығарады. 
Ауруханалардың жұқпалы аурулар кабинетінде диспансерлік қадағалауда және 
учаскелік терапевте 2 жылға дейін тұрады. Әр ай сайын мамырдан қыркүйекке дейін және 
квартал сайын жағындыны зерттеп отыру керек Егер зерттеу оң нәтиже берсе арнайы ем 
тағайындайды және бақылау уақытын ұзартады. 


218 
Тропикалық климатты елдерде болған адамдарды міндетті түрде профилактикалық 
емді мефлохинмен, примахинмен (радикальды емдеу үшін схема түрінде), хлоридинмен 
(әр апта сайын берілу мерзімі бойынша) қабылдап 2 жыл бойы бақылауда болуы керек. 
Жартылай иммунды емес адамдарға үшін айына 1 рет 2-3 таблеткадан, ал иммунды емес 
адамдар үшін – 1 таблеткадан айына 2 рет фансидар тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет