216
қарағанда, қан 30 – 40 есе көп көлемде зерттеледі, сондықтан паразитті табу мүмкіншілігі
әлде қайда мол болады, әсіресе өте төмен паразитемия болғанда. Мұндай жағдай паразит
тасымалдаушылық кезде жиі кездеседі.
«Қалың
тамшының
бекітілмеген
(фиксацияланбаған)
түрде
бояйды,
микроскоппен 100 қарау алаңын зерттейді. Плазмодияның
ядросы қою - қызыл,
цитоплазмасы – көгілдір немесе көк түске боялады. Безгектің барлық түрлерінде,
тропикалық безгектен басқалары, “қалың тамшыда” және “жұқа жұғындыда”
қоздырғыштың барлық даму кезеңдері анықталады. Тропикалық безгектің асқынбаған
кезінде тек қана жас трофозойттар – дөңгелектер және 8 – 10 күннен кейін жартыай тәрізді
гаметоциттер анықталады.
Эпидемиологиялық қадағалау мақсаты үшін кейбір серологиялық реакциялар –
ЖИФР, ИФТ қолданылады. Қарсыдене 2- 3 ұстамалы қалтыраудан кейін анықталады.
Қарсыдененің титрі 4 – 6 жұмадан кейін ең жоғарғы деңгейге жетеді. Қайта жұқтыру
(реинфекция) болмаса қарсыдене титрі төмендейді және осы төменгі деңгей 2 жылға дейін
сақталады. Серологиялық әдіс қан тапсырушылар (донорлар) арқылы безгек
қоздырғышын жұқтыртпауды қамтамасыз етуде маңызды. ПТР –
диагностикасын да
пайдалануға болады, бұл әдіс өте сезімталдықпен және жоғарғы тәнділікпен сипатталады.
Сызбада безгектің клиникалық - зертханалық диагностикалау алгоритмі келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: