248
ие. Стрептококтың А-полисахариді
тіндерді зақымдайды, сонымен қатар, стрептококты
инфекцияның патогенезінде маңыздылығы бар лизосомальды жүйеге әсер етеді.
Стрептококк клетка қабырғасының беткейлік ақуыз қабатының маңызды компоненті
М-протеин болып табылады. Басқа стрептококтың арнайы түрлік антигені Т-антиген
болып табылады. Ол протективті антиген емес және ол
антигенге қарсы антиденелер
стрептококтан қорғануды қамтамасыз етпейді.
Эпидемиологиясы.
Аурудың көзі – стрептококты инфекциямен ауыратын науқас
немесе тасымалдаушы адам. Тілменің контагиозды емес. Ауру спорадикалық жағдай
түрінде тіркеледі. Тілме экзогенді және эндогенді стрептококты инфекцияның өршуі деп
саналады. Тілме жасқа,
жынысқа байланысты емес, дегенмен, көбінесе ересек жаста (50
және одан үлкен) және әйел адамдарда жиі кездеседі. Аурушылдық жылдың барлық
мезгілінде кездеседі, дегенмен, жаз-күз айларында науқас саны біршама артады.
Инфекция терідегі микрожарақаттар арқылы (жарақаттар, базданған жерлер,
жарықтар), мурынның, жыныс мүшелерінің шырышты қабаттары
арқылы енеді немесе
ауру эндогенді инфекцияның өршуінен дамиды. Созылмалы тонзилит және баска
стрептококкты инфекциялары бар адамдарда тілме 5-6 ретке дейін жиі кездеседі. Бет
тілмесінің дамуына әкеп соғатын факторларға ауыз қуысының созылмалы аурулары,
кариес, ЛОР-ағзаларының аурулары жатады. Кеуде торшасының тілмесі лимфодема,
лимфовенозды
жетіспеушілік, әр түрлі генезді ісіктер, табандардың микоздары,
трофикалық бұзылыстар кезінде жиі кездеседі. Тілмеге деген бейімділік туа біткен және
ағзаның стрептококқа деген генетикалық детерминирленген
реакциясының бірі болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: