Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


ауысуы кезiнде берiлетiн кепiлдiктер мен



бет122/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                ауысуы кезiнде берiлетiн кепiлдiктер мен 
                өтемақы төлемдерi

      Азаматтық қызметшiлерге мемлекеттiк мекемемен (қазыналық кәсiпорынмен) бiрге қолданыстағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бойынша басқа жерге (басқа елдi мекенге) жұмысқа ауысу кезiнде: 


      азаматтық қызметшiнiң өзiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң жұмыс орнына дейiнгi жолақысының құны (мемлекеттiк мекеме (қазыналық кәсiпорын) тиiстi қозғалыс құралын беретiн жағдайлардан басқа); 
      мүлiктi тасымалдау шығыстары; 
      жолда болған әр күн үшiн тәулiктiк шығыстар; 
      атқаратын лауазымы бойынша алты лауазымдық жалақысы мөлшерiндегi бiржолғы жәрдемақы; 
      жолға жиналу және жаңа орынға орналасу күндерi үшiн, бiрақ алты күннен аспайтын, сондай-ақ жолда болған уақыты үшiн жалақысы төленедi.

__ 269 ____________________

      238-бап. Азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу

      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. V095648


      2. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшiлерiне, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң, осы түрлерiмен қалалық жағдайда 
айналысатын азаматтық қызметшiлердiң жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленедi. V085148
      3. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.

__ 270 ____________________

      239-бап. Азаматтық қызметшiлерге берiлетiн демалыс

      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi. 


      Азаматтық қызметшiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзiмдi жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы белгiленуi мүмкiн. 
      2. Жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшiлерге жұмыс берушiмен келiсiм бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен қорғау, оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезеңiне ақылы оқу демалыстары берiледi. 
      Ескерту. 239-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 271 ____________________

      240-бап. Азаматтық қызметшiлермен еңбек шартын 
                тоқтатудың қосымша негiзi

      1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшiн осы Кодексте белгiленген негiздермен қатар азаматтық қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетуi олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiзi болып табылады. 


      2. Мемлекеттiк мекеменiң (қазыналық кәсiпорынның) басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адам зейнеткерлiк жасқа жеткен, кәсiптiк және бiлiктiлiк деңгейi жоғары қызметкермен оның еңбекке қабiлеттiлiгiн ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкiн. 
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 813 ____________________



25-1-тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу ерекшелiктерi

      Ескерту. Кодекс 25-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

__ 812 ____________________

      240-1-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк


                  кәсiпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде,
                  ұлттық даму институттарында, ұлттық
                  холдингтерде және ұлттық компанияларда,
                  сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарында жұмыста
                  болумен байланысты шектеу

      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарына басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдауға болмайды.

__ 272 ____________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет