Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылымы


Индустрияландыру арқылы өңдеу өнеркәсібіне 7,5 трлн теңге тартылды



бет2/10
Дата20.12.2023
өлшемі1,58 Mb.
#197927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Zhidebekkyzy-3-5

Индустрияландыру арқылы өңдеу өнеркәсібіне 7,5 трлн теңге тартылды
ИИД МБ екі бесжылдығы іске асырылған жылдары өңдеу өнеркәсібіне 7,5 трлн теңге тартылды (ИИД МБ-1 кезеңінде – 3 трлн теңге, ИИД МБ-2 кезеңінде – 4,5 трлн теңге).
Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға 4,5 трлн теңге сомасындағы инвестициялар жоспары орындалғанын атап өткен жөн.
Жалпы, Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар ағымының оң динамикасы байқалып отыр. 2018 жылы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары негізгі капиталға тартқан инветсициялар көлемі 1 242 млрд теңгені құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден үш есе артық (413 млрд теңге).
2010-2018 жылдары инвестициялардың ең көп көлемі металлургия өнеркәсібінен - барлық кезеңдегі инвестициялардың жиынтық көлемінен 34,6%, кокос және мұнай өңдеу өнімдері өндірісінен – 23,9%, басқа да бейметалл минерал өнімдерден – 9,5%, химия өнімдерінен – 8,5%, азық-түлік өнімдерінен - 7,7% келіп түсті.



Ел өңірлері бойынша өңдеу өнеркәсібіне инвестицияларды бөлу өнеркәсіп кәсіпорындарының салалық арналуы мен географиялық шоғырлануына байланысты болады. Негізгі капиталға инвестициялардың ең көп мөлшері өңдеу өнеркәсібінің базалық салаларының ірі кәсіпорындары (металлургия және мұнай өңдеу) орналасқан өңірлерде салынады - бұл Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстары.


Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 2015 - 2019 жылдарға арналған екінші бесжылдығы
Бүгінде 201-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Үкіметтің ерекше бақылауына алынған. ИИД МБ іске асыру 2015 жылы басталды, ол индустрияландырудың бірінші бесжылдығының қисынды жалғасына әрі елдің экономикалық саясатының бір бөлігіне айналды. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, еңбек өнімділігін арттыру және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайту.
ИИД МБ 2019 жылға дейін өңдеу өнеркәсібіндегі төрт нысаналы индикаторды қарастырады: өңдеу өнеркәсібі өнімдері экспортының құндық көлемінің өсуін, еңбек өнімділігінің нақты өсімін, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің артуын және оның энергиялық сыйымдылығының төмендеуін.
Бұл жылдар ішінде жаңа мемлекеттік бағдарламалар, қолдау шаралары, дәлме-дәл инвестициялық саясат және өнеркәсіптің технологиялық қайта жарақтандырылуы пайда болды, олар елдің үшінші жаңғыру жолынан тиімді өтуіне ықпал етуге арналған. Адам ресурсына басымдық берілді: жаппай кәсіпкерлік және тиімді жұмыспен қамту дегеніміз - жүз мыңдаған жаңа жұмыс орындары мен бәсекеге қабілетті ұлт.

2015 жылдан бастап инвестициялар көлемі 5 трлн теңгеге жуықтайтын Индустрияландыру картасының 500-ден аса жаңа индустриялық жобалары енгізілді. Бұл жобаларды іске қосу нәтижесінде 80 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылды.
Жобалар АӨК және ауыл шаруашылығы (156), құрылыс материалдарының өндірісі (152), машинажасау (59), тау-кен металлургия кешені (41), химия (31), жеңіл өнеркәсіп (22), мұнай өңдеу (21), энергетика (15), фармацевтика (6) және тағы басқа салаларда іске асырылды.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аса маңызды жобалары:

  • «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС Бозшакөл ТБК салу;

  • «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС рельс арқалық зауытын салу;

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Атырау МӨЗ реконструкциясы және оны жаңғырту;

  • «АМСТ» ЖШС Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту;

  • «Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС Шымкент МӨЗ реконструкциясы және оны жаңғырту (1-ші кезең);

  • «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Ақтоғай ТБК салу;

  • «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар МХЗ жаңғырту;

  • «Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС Шымкент МӨЗ реконструкциясы және оны жаңғырту (2-ші кезең);

  • өнімділігі жылына 2 млн тонна кенді құрайтын тау-кен байыту кешенін салу, «БТК» ЖШС;

  • теміржолға арналған дөңгелектерді шығару кешені, «Проммашкомплект» ЖШС.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет