ЖІӨ ғылыми зерттеулер мен
əзірлемелерге жұмсалған шығындар, %
0,23
2,90
3,40
3,74
3,36
Кəсіпорындардың инновация
саласындағы белсенділік деңгейі, %
5,7
66
75,3
38
60
Ел экспортындағы жоғары
технологиялық өнімнің үлес салмағы, %
2,0
32
10,4
22
54
1 тұрғынға келетін ҒЗТКЖ шығындары, АҚШ долл.
30,1
1254
1388
878
1085
1 млн халыққа тіркелген патенттер саны
93,6
141,1
302,7
183,4
258,4
Ескерту. [5, 6] дереккөздері негізінде автормен құрастырылған.
ҚР «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV Заңына сəйкес Қазақстандағы индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтері келесідей:
арнайы экономикалық аймақтар;
индустриялық аймақтар;
технопарктер;
тəуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары;
технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
салалық конструкторлық бюролар;
технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары;
инновациялық кластерлер [7].
Инновациялық инфрақұрылымның негізгі элементтері болып табылатын институционалдық құрамына келетін болсақ, Қазақстанда қазіргі таңда 8 аймақтық технопарк, 9 арнайы экономикалық аймақ, 4 салалық конструкторлық бюро, 4 халықаралық технологиялар трансферті орталығы, 21 коммерцияландыру кеңсесі, 18 халықаралық жəне 4 отандық венчурлық қор бар.
Қазақстанда технологиялар коммерцияландыру жүйесін қалыптастыру қолға алынған кезде 2012 жылы ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер арасында конкурстық негізде 6 коммерцияландыру кеңсесі мен 4 аймақтық технологияларды коммерцияландыру орталығы ашылған болатын. Қазіргі таңда «ТДҰА» АҚ құруымен елімізде 21 коммерцияландыру кеңсесі, 5 аймақтық технологияларды коммерцияландыру орталығы жұмыс істейді. Олардың қызметінің негізгі мақсаты
— ғалымдар мен инноваторларға инновациялық əзірлемелерді коммерцияландыруға жан-жақты қолдау көрсету.
Бұл бастама қолға алынғаннан бері коммерцияландыру кеңселері арқылы тұжырымдаманы бекітуге 222 өтінім келіп түскен, оның ішінде 56 жоба іріктеліп алынды (2012 жылы — 38 жоба). 56 жобаның ішінде жалпы қаржыландыру сомасы 56 млн теңгені құрайтын 27 жоба таңдап алынды (2012 жылы — 20). 2013 жылы коммерцияландыру кеңселері арқылы 184 жоба қаржыландыруға өтініш берген, оның ішінде 66 жобаның тұжырымдамасы жасалып қарастырылған. Осылардың арасынан 28 жоба коммерцияландырылуға таңдап алынды [8].
Қазіргі кезде «Инжиниринг жəне технологиялар трансферті орталығы» АҚ-ның төленген жарғылық капиталы 9,7 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, бұл қаржы технопарктерді құруға жəне жабдықтауға, салалық конструкторлық бюроларды құруға, шетелдік жоғары технологиялық компаниялардың акцияларын алуға жəне басқа да маңызды жобаларға бағытталмақ. Негізгі қызмет бағыттары — жаңа технологиялар инжинирингісін, бизнес инкубациялау, технологиялар трансферті жəне инновациялық инфрақұрылымды дамыту.
Бүгінгі күні Қазақстанда 4 салалық конструкторлық бюро бар. Қызмет ету барысында салалық конструкторлық бюролар 64 конструкторлық-технологиялық құжат сатып алып (оның ішінде 2012 ж.
— 3) жəне 362 КТҚ əзірлеп шығарған (оның ішінде 2012 ж. — 212). СҚБ көмегімен отандық кəсіпорындар 177 жаңа тауар өнімдерінің өндірісін меңгерген.
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мен инновациялық қызметке институционалдық тұрғыдан қолдау көрсетуші тағы бір ұйым — «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі». Оның құрамына кіретін ұйымдарды қызмет ету бағытына қарай 3 топқа бөлуге болады:
Қаржылық-инвестициялық бағыт — Қазақстан Даму Банкі, Қазақстанның инвестициялық қоры, «Стрестік активтер қоры» АҚ жəне «Қазына-капитал менеджмент» АҚ.
Кəсіпкерлік пен инновацияларды қолдау — «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ,
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ жəне «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ.
Тұрғын-үй құрылысы — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ жəне «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» алдағы уақытта 120-ға тарта инновациялық жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр. «ТДҰА» АҚ-на 2013 жылы старт-ап құрушы кəсіпкерлерден 140 өтінім келіп түскен, оның 27-не жалпы құны 733,8 млн теңгені құрайтын гранттық қаржыландыру берілді. Соңғы 3 жылда қазақстандық жаңашыл кəсіпкерлер тарапынан 865 өтінім беріліп, олардың 173-іне жалпы құны 7,9 млрд теңге құрайтын қаржы бөлінген [8].
Ағымдағы ахуалды талдай келе, Қазақстанның ішкі экономикасында өндірістік жəне кəсіпкерлік инновацияларды дамытуға кедергі болатын барынша маңызды факторлар анықталып, ұлттық модельді негіздеуде қолданылды.