Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылымы


Отандық кәсіпорындар индустриялық бағдарламаларды іске асырған жылдары 3 млрд сомасына өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспорттады



бет4/10
Дата20.12.2023
өлшемі1,58 Mb.
#197927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Zhidebekkyzy-3-5
6 Дәріс, iztaev osimdik sharyashylygy
Отандық кәсіпорындар индустриялық бағдарламаларды іске асырған жылдары $163 млрд сомасына өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспорттады
Тауарлар бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі ең көп экспорт көлемі 3 сала тобына тиесілі - металлургияға, кокос өндірісіне, мұнай өңдеу өнімдеріне және химия өнеркәсібі өнімдеріне. Одан соң азық-түлік өнімдері мен сусындар, сондай-ақ машина жасау өнімдері бар.
Индустрияландыру жылдары сомасы $1 млн-нан асатын 70 тауар бойынша шикізаттық емес экспорттың жаңа салалары қалыптасып, өндірісі арттырылды. Мәселен, 2010 жылы сыртқы нарықтарға аккумуляторлар жеткізу жүргізілимесе, 2018 жылы олардың экспорты құндық мәнінде $60,1 млн құрады.
Бүгінде еліміз ферроқорытпалардың, сары фосфордың, ұнның, мақта майының жекелеген түрлерін жеткізу бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі.
2019 жылдың 9 айында еліміздің өңделген өнімдері экспорты $11 430,3 млн құрағанын айта кеткен жөн.
Қазіргі кезде 13 АЭА пен 23 Индустриялық аймақ құрылып, жұмыс істеуде
Бүгінде қажетті өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту арқылы өңдеу өнеркәсібін жүйелі қолдау жалғасуда — 13 арнайы экономикалық аймақ құрылды, оның 3-уінің толық инфрақұрылымдық әзірлігі бар.
13 АЭА-тан төртеуі 2017-2019 жылдары құрылған («Қорғас» ХШЫО, «Астана-Технополис», «Түркістан» және «Қызылжар»).
13 АЭА-тан 11-і өңірлерде құрылды. Қазіргі кезде министрлік әкімдіктердің Қостанай, Ақтөбе және Байқоңыр қалаларында қосымша 3 жаңа АЭА құру туралы ұсыныстарын қарастыруда.
Еліміздің 9 өңірінде 23 индустриялық аймақ құрылды.
Арнайы экономикалық аймақ аудандарында олар жұмыс істеген уақыттан бері (2002-2019 жылдар аралығында) 185 жоба іске қосылды, оның 46-сы - шетелдік қатысумен. Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 15,6 мың жұмыс орны құрылды, бюджетке салық түсімдері 167 млрд теңгені құрады.


Инновациялық инфрақұрылым түсінігі мен объектілері
Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыра отырып, экономиканы инновациялық жолмен дамыту мəселесіне нарықтық экономикаға өткен кезеңнен кейін аса үлкен мəн беріле бастады. Қазіргі таңда еліміздегі ғылыми-техникалық сала мен инновациялық қызметте мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып аймақтық, салааралық, мемлекеттік сипаттағы арнайы инновациялық субъектілерден тұратын тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру табылады.
Ресми жəне заңнамалық құжаттарда «инновациялық инфрақұрылым — инновациялардың өндірісіне жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат еткен түрлі мекемелердің жиынтығы» деп түсіндіріледі. Алайда мұндай анықтама уақыт өткен сайын үнемі түзетіліп əрі толықтырылып тұруды қажет етеді. Себебі инновациялық инфрақұрылым құрамына кіретін ұйымдардың саны үнемі артып, инновациялық қызметті ұйымдастыру мен қолдаудың жаңа формалары пайда болуда.
Инновациялық инфрақұрылымға кіретін барлық ұйымдар инновациялық қызметтің біртұтастығын білдіретін белгілі бір технологиялық жəне экономикалық байланыста болады. Осы сипаттамаларды ескере отырып, инновациялық инфрақұрылым ұйымдарын 1-кестеде көрсетілгендей түрде жіктеуге болады.
1 - к е с т е


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет