Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері



Pdf көрінісі
бет19/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      27-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері
 
      Кәсіпкерлік субъектілері:
 
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен 
заңды мүдделерін сақтауға;
 
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, 
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
 
      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, 
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;
 
      4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат 
алуға не хабарлама жіберуге;
 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық 
жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
 
       6) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға; 
 
       7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру 
процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға
 
      8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге 
де міндеттерді орындауға міндетті.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет