Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау



Pdf көрінісі
бет20/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
28-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау
 
      1. Коммерциялық құпияны қорғау осы Кодекске және Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, 
таратуға не пайдалануға тыйым салуды білдіреді.
 
      2. Кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол 
жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялығын қорғауға шаралар 
қолданады.
 
      3. Ақпаратты қолжетімділік санаттарына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны 
құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
 
      4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша кәсіпкерлік субъектісі 
қолданатын шаралар:
 
      1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат тізбесін айқындауды;
 
      2) осы ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және осы тәртіптің сақталуын бақылауды 
белгілеу арқылы коммерциялық құпияға қол жеткізуді шектеуді;
 
      3) коммерциялық құпияға қолжетімділік алған адамдарды және (немесе) осы ақпарат 
ұсынылған немесе берілген адамдарды есепке алуды қамтуы мүмкін.
 
      5. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, ашқан және 
(немесе) пайдаланған адамдар келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының азаматтық 
заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
 


      6. Кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз жұмыскерлерінен 
коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қолхат талап етуге, ал оны 
тексеруді жүзеге асыратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
жауаптылық туралы ескертуге құқылы.
 
      7. Міндетті түрде жариялануға не акционерлік қоғам акционерлерінің, шаруашылық 
серіктестігі қатысушыларының, өндірістік кооператив мүшелерінің немесе өзге де белгілі 
бір адамдар тобының назарына міндетті түрде жеткізілуге жататын ақпараттың 
тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында және кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай 
құжаттарында белгіленеді.
 
      8. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, соттың заңды күшіне енген шешімі бар 
ақпаратты қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілмейді.
 
      9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары лауазымдық (қызметтік) міндеттерін 
орындауына байланысты өздеріне белгілі болған коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты 
кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз таратуға және (немесе) пайдалануға құқылы емес.
 
      10. Кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға, оларға 
жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, тіркеу, бақылау және 
қадағалау функцияларын орындау және басқа да әрекеттерді жасау кезінде коммерциялық 
құпияны құрайтын ақпаратқа қолжетімділікті бермеуге құқылы.
 
      11. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны 
құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және 
(немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады. 
 
      12. Нақты кәсіпкерлік субъектісінің қызметі туралы мәліметтерді ашпайтын, жинақтап 
қорытылған ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады.
 
      13. Кәсіпкерлік субъектісінің жалпыға қолжетімді ақпаратына мыналар жатады:
 
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын 
құжатта көрсетілсе) немесе атауы;
 
      2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні;
 
      3) сәйкестендіру нөмірі;
 
      4) заңды мекенжайы (орналасқан жері);
 
      5) қызмет түрі;
 
      6) басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта 
көрсетілсе).
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет