Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары



Pdf көрінісі
бет18/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
26-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
 
      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
 
      1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік 
қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыруға, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін 
қызметтер нарықтарына қол жеткізу еркіндігінің болуына;
 
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, 
кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
 
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен 
өкілдіктер құруға;
 
      4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды 
қоспағанда, өндірілетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны дербес 
белгілеуге;
 
      5) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды дербес 
жүзеге асыруға;
 
      6) өзінің құқық қабілетілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
 
      7) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға және оларға қатысуға;
 
      8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан 
Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сараптамалық кеңестердің жұмысына 
қатысуға;
 
      9) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған және (немесе) заңды мүдделерін 
іске асыруына кедергі келтірген адамдарды жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша құқық 


қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге;
 
      10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа, төрелікке, Қазақстан 
кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге және өзге де органдарға жүгінуге;
 
      11) татуласу рәсімдері арқылы дауларды реттеуге;
 
      12) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық 
актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына ықпал ететін себептер мен 
жағдайларды жою туралы ұсыныстарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның қарауына 
енгізуге;
 
      13) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі шаралары ретінде әлеуметтік, 
экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруға қатысуға;
 
      14) Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмеген өзге де құқықтарды жүзеге 
асыруға құқылы.
 
      2. Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген 
ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген құқықтарды жүзеге асырады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет